Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

12 маусым 2018 ж.

ЕО жобасы шеңберінде қазақстандық құқық қорғаушылар Грузияның құқықтық көмек саласындағы тәжірибесін зерттеді

ТБИЛИСИ – 6-9 маусым аралығында қазақстандық сарапшылар, адам құқықтарын қорғаушылар мен заңгерлер Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру» жобасы аясындаГрузияда төрт күндік тәжірибе алмасу турына қатысты.

Сапардың мақсаты - осал топтарға құқықтық көмек көрсетуде халықаралық тәжірибені зерттеу мен талдау. Тәжірибе алмасу турына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Талдықорған Адам құқықтары орталығы, Республикалық және Алматы адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Сапар барысында мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне қол жеткізу мәселелері мен тәжірибесін зерттеу мақсатында делегация Грузияның Құқықтық көмек қызметінің, Заңгерлер қауымдастығының, Жоғарғы Сот және басқа да мүдделі тараптармен кездесті.

Сонымен қатар, қатысушылар Грузияның басқа екі қаласы - Кутаиси және Зестапонидегі құқықтық көмек бюросының басшыларымен және осал топтардың бірыңғай базасына кіретін адамдарға құқықтық көмек көрсететін заңгерлердің тәжірибесімен танысты.

Сапардың қорытындысы бойынша Грузиядағы мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек көрсету үлгісі зерттелді, құқықтық көмек көрсету үшін ақысы, сондай-ақ Грузиядағы адвокаттардың жұмыс механизмі туралы сұрақтар талданды. Сондай-ақ, Тбилисиде қазақстандық делегация Грузияның автономдық құқықтық көмек қызметі (тек Парламентке ғана жауапты) жұмысымен танысты. Грузиялық әріптестерімен кездесулерде олар қызметтің ұйымы мен мандаты туралы, оның тәуелсіздігіне кепілдік, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету кеңесі, Грузия адвокаттар алқасы және сот органдарының қарым-қатынасы туралы ақпарат алды. Тәжірибе алмасу турынынң нәтижесі бойынша делегация мүшелері грузин тәжірибесіне негізделген бірқатар ұсыныстар әзірледі. Олар мемлекеттік кепілдендірілген құқықтық көмек көрсетудің қазақстандық үлгісін жетілдіру үшін қолданылады.

«Сапар өте пайдалы болды. Грузия жинақтаған тәжірибені мұқият зерттеу керек. Грузия үлгісі Қазақстан үшін толығымен жарамды екенін бірден айта алмаймыз. Екі елдегі жағдай бастапқы жағдайларға байланысты айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ көптеген элементтер іске асырылуы мүмкін. Адвокаттура көп ұзамай кепілдік берген заң көмегін жүйесін дамытудың қолайлы моделін талқылап, қарастыруды жоспарлап отыр, – деді Республикалық заңгерлер қауымдастығының атқарушы директоры, Сергей Сизинцев.

Поделиться страницей: