Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Тарихы

Новости фонда

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,

2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

БІЗДІҢ ТАРИХ

1992 жылдан 2006 жылға дейін Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) бас кеңсесі Құрама Штаттарда орналасқан Еуразия Қорының Қазақстандағы өкілдігі болды. Ол Орталық Азиядағы азаматтық белсенділікті арттыру, жеке кәсіпкерлік, білім беру мен мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында аймақта құрылған.

Сол кезеңде біз өзіміздің қызметімізді АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырдық, бұл ынтымақтастық жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарын қолдануға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда ОАЕҚ фандрейзинг, әлеуметтік бағыттағы жобалар мен гранттарды басқаруда үлкен тәжірибеге ие.

2006 жылға дейін ОАЕҚ грант беруші ұйым ретінде қызмет етті. 2006 жылдан бастан Қазақстандағы ОАЕҚ корпоративтік қор формасында жергілікті үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді. Сол кезеңнен бастап қор өзінің қызметін гранттар есебінде жүзеге асыратын жобаларға бағдарланған ұйым болып қалыптасты. Біз халықаралық ұйымдар мен корпоративтік донорлар кіретін донорлар портфелін әртараптандыруға тырысамыз.

Біздің қызметтің негізінде PMI халықаралық стандарттары жатыр.

Біз өзіміздің қызметімізді мемлекеттік құрылымдар және бизнеспен серіктестікте, өңірлік деңгей мен ауылдық мекендегі жобаларға назар аудара отырып, қазақстандық қоғамның өзекті басымдықтарына сәйкес құрастырамыз.

Қор жылына 10-нан астам жобаны жүзеге асырады. Өткен тәжірибені ескере отырып, ОАЕҚ қатаң халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылады. ОАЕҚ–Қазақстан Қазақстанның барлық 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жастар мен білім беру, осал топтарға көмектесу, азаматтық қоғамды дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлік, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік сынды бағыттар бойынша жұмыс жасайды.

Біз үкіметтік емес ұйым болғанымызға қарамастан, өзіміздің тиімді орнымызды табуға ұмтылу арқылы, іскерлік әлемнің жұмыс істеу принциптерін қолдаймыз. Біз біздің бенефициарлар мен донорларға не ұсынғымыз келетінін нақты білеміз; біз нәтижеге қол жеткізуді мақсат еткен атқарушылар командасын құру арқылы, таңдаған істе ең үздік болуға талпынамыз.

Біздің ойымызша, біздің басты басымдылығымыз – бұл ашықтық, есептілік, тиімділік және жергілікті әрі халықаралық деңгейдегі үлкен тәжірибе. ОАЕҚ бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы қоғамға жағымды өзгерістер алып келуге талпынады.