Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Қор туралы

Новости фонда

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға

16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен

15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

 

Орталық Азияның Еуразия Қоры 2005 жылы Орталық Азияда азаматтық белсенділікті арттыру, жеке кәсіпкерлік, білім беру мен мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында Алматы, Бішкек, Ош және Душанбедегі кеңселермен аймақта құрылған қоғамдық ұйым.

2006 жылдан бастан Қазақстандағы ОАЕҚ корпоративтік қор формасында жергілікті үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді. Сол кезеңнен бастап қор өзінің қызметін гранттер есебінде жүзеге асыратын жобаларға бағдарланған ұйым болып қалыптасты. Біз халықаралық ұйымдар мен корпоративтік донорлар кіретін донорлар портфелін әртараптандыруға тырысамыз.

Біздің қызметтің негізінде PMI халықаралық стандарттары жатыр.

Біз өзіміздің қызметімізді мемлекеттік құрылымдар және бизнеспен серіктестікте, өңірлік деңгей мен ауылдық мекендегі жобаларға назар аудара отырып, қазақстандық қоғамның өзекті басымдықтарына сәйкес құрастырамыз.

Қор жылына 10-нан астам жобаны жүзеге асырады. ОАЕҚ мол тәжірибесін ескере отырып, қатаң халықаралық стандарттарға сай ұмтылады. ОАЕҚ–Қазақстан Қазақстанның барлық 14 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында жастар мен білім беру, осал топтарға көмектесу, азаматтық қоғамды дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлік, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік сынды бағыттар бойынша жұмыс жасайды.

Біз үкіметті емес ұйым болғанымызға қарамастан, өзіміздің тиімді орнымызды табуға ұмтылу арқылы, іскерлік әлемнің жұмыс істеу принциптерін қолдаймыз. Біз біздің бенефициарлар мен донорларға не ұсынғымыз келетінін нақты білеміз; біз нәтижеге қол жеткізуді мақсат еткен атқарушылар командасын құру арқылы, таңдаған істе ең үздік болуға талпынамыз.

Біздің ойымызша, біздің басты басымдылығымыз – бұл ашықтық, есептілік, тиімділік және жергілікті әрі халықаралық деңгейдегі үлкен тәжірибе. ОАЕҚ бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы қоғамға жағымды өзгерістер алып келуге талпынады.