Подпишитесь на наши новости:
Тәсілдемелер
Новости фонда
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері
Балқашта «Balkhash STEAM Serpini» жобасы басталды. Бұл балалар
БІЗДІҢ ТӘСІЛДЕМЕЛЕР
Әлеуметтік бағыттағы жобаларды әзірлеу кезінде ОАЕҚ мыналарды басшылыққа алады:
БІРІНШІ КЕЗЕҢ: Қажеттіліктерді бағалауды жүргізу
Жобаларды әзірлеудің алғашқы қадамы Тапсырыс беруші шешуді қалайтын әлеуметтік мәселенің қыр-сыры мен ауқымын анықтау болып табылады. Ол үшін ОАЕҚ бір-екі апта көлеміндегі мерзімде әлеуметтік зерттеу жүргізеді және ол мыналарды қамтиды:
- Әлеуметтік мәселенің ауқымы мен қыр-сырын анықтау;
- Болашақ жобаның басты серіктестерін анықтау;
- Ұқсас әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жергілікті және халықаралық тәжірибені зерттеу;
- Белгілі бір әлеуметтік мәселе немесе мәселелерді шешу үшін ықтимал шешімдерді анықтау;
- Белгілі бір әлеуметтік мәселені шешу мақсатында тәуекелдер мен бюджетті анықтау.
Қажеттіліктерді бағалауды жүргізгеннен соң, потенциалды тапсырыс беруші мәселенің толық сипатымен және оны шешу жөніндегі ұсыныстар қамтылған қысқаша есепті алады. Аталмыш есеп тапсырыс беруші ұсынылған жобаны қаржыландыруға қатысты оң немес теріс шешім қабылдайтын басты құжат болып табылады.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: Қажеттіліктерді бағалауды жүргізу негізінде жобаның дизайнін әзірлеу
Егер тапсырыс беруші қажеттіліктерді бағалау есебінің негізінде ұсынылған жобаны қаржыландыруға қызығушылық танытса, онда ОАЕҚ екінші кезең – жобаның толық дизайнін әзірлей бастайды, ол мыналарды қамтиды:
- Мәселенің сипаттамасы және оны шешудің негіздемесі;
- Мәселені шешу үшін мақсаттар мен міндеттерді қою;
- Мәселені шешу үшін негізгі қадамдар мен іс-шараларды анықтау;
- Тәуекелдер мен оларды азайтудың жолдарын анықтау;
- Жобалар мен бағдарламалар мониторингінің кестесін анықтау;
- Барлық жоспарланған іс-шаралар бойынша жобаның жүзее асу мерзімін анықтау;
- Жобаның толық бюджетін құрастыру.
Жобаның дизайнін әзірлегеннен соң, тапсырыс беруші жобаны жүзеге асырудың толық жоспары болып табылатын жоба өтінімін алады. Толық өтінімді әзірлеуге мәселенің күрделілігіне байланысты екі-үш аптадай уақыт кетеді.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ: Тапсырыс берушімен жобаны, бюджетті және мерзімін бекіту және келісім-шартқа қол қою
Потенциалды тапсырыс берушінің жоба өтінімімен танысқанынан кейін жобаның бөлшектерін бекіту үрдісі басталады. Жоба бойынша негізгі іс-шаралар, олардың жүзеге асу мерзімі, бюджет баптары, есептілік мерзімі келісіліп, бекітіледі. Осы кезеңнің соңында тапсырыс берушімен келісім-шартқа қол қойылады.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ: Жобалық және қаржылық есептілікпен қатар, жобаның жүзеге асырылуы
Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, ОАЕҚ жобаны жүзеге асыруға кіріседі. Келісім-шартта көрсетілген мерзімдерге сәйкес, ОАЕҚ тапсырыс берушіге жоба бойынша қолданылған барлық шығындарды толық сипаттайтын қаржылық есеппен қатар, жоба бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сипаттайтын жобалық/бағдарламалық есептер тапсырады. Жоба аяқталғаннан кейін ОАЕҚ тапсырыс берушіге қорытынды жобалық/бағдарламалық және қаржылық есептер ұсынады.
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ: Іске асырылған жобаның тиімділігін бағалау
Тапсырыс берушінің қызығушылығы жағдайында, ОАЕҚ жүзеге асқан жобаның тиімділігіне бағалау жүргізіп, тапсырыс берушіге болашақта жобаны жалғастыру үшін сандық және сапалық көрсеткіштер мен ұсыныстар көрсетілген есепті табыстайды.