Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
1 қазан 2024 ж.
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын баспанасыздықпен күреске бағытталған 2024 жылғы «Global Innovation Challenge» халықаралық инновациялық байқауының жеңімпазы деп жариялады
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып, жаһандық қауымдастық пен оқыту желісіне қол жеткізеді.
Citi қоры баспанасыздықпен күреске арналған шешімдерді қолдауға бағытталған 2024 жылғы «Global Innovation Challenge» байқауының жеңімпаздарын жариялады. Орталық Азияның Еуразия Қоры баспанасыздық мәселесін шешуге 25 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат алатын әлемнің 50 үкіметтік емес ұйымының бірі болды
ОАЕҚ Қазақстанда баспанасыздықпен күресуге бағытталған 24 айлық бағдарламаны іске қосады, ол мүгедектігі бар әйелдер мен мүгедектігі бар балалардың ата-аналары сияқты осал топтарды қолдауға бағытталады. Бұл бастама елдегі тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024 жылы Қазақстанда 648 000-нан астам адам ресми түрде тұрғын үйге мұқтаж болып тіркеліп, кезекте тұр. Олардың 12%-ы мүгедектігі бар адамдар немесе мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Citi Қазақстанның қолдауы ОАЕҚ-қа осал топтарға қажетті ресурстарды ұсына отырып, деректерге негізделген кешенді тәсілді жүзеге асыруғакөмектеседі.
«2023 жылдың басында алғашқы «Global Innovation Challenge» іске қосқаннан бері, біз қауымдастықтардың қатысуымен әзірленген шешімдердің жергілікті деңгейде оң өзгерістерді жеделдетуге қабілетті екенін көріп отырмыз. Біз бұл қаржыландыруды «каталитикалық» деп атаймыз, себебі оның мультипликативті әсері бар және аз қамтылған қауымдастықтардың жағдайын айтарлықтай жақсарта алады.Әрбір қоғамдық ұйым дағдарысқа ұшыраған адамдардың өміріне тікелей әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар әлемнің басқа қауымдастықтарында қолдануға болатын үлгілерді әзірлейді», — деп Citi қорының президенті және Citi компаниясының қауымдастықтарды дамыту және әлеуметтік инвестициялар бөлімінің жетекшісі Брэнди МакХейл атап өтті.
«Citi қорының ОАЕҚ-ты қолдауы Қазақстандағы баспанасыздық мәселесіне ұзақ мерзімді және тұрақты шешімдер табуға деген біздің ортақ ұмтылысымызды айқын көрсетеді. Біз тек шұғыл көмек көрсетуді ғана емес, сонымен қатар осал топтарға тұрақты баспана тауып, жарқын болашақ құруға көмектесуді көздейміз», — деп атап өтті «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Сәуле Жақаева.
«Omirlik Maqsat: Баспанасыз адамдарға арналған шешімдерді қолдау бағдарламасы» келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-
Баспанасыз адамдарға қолдау көрсету мақсатында жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайту;
-
Мүгедектігі бар әйелдер мен мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына кәсіби білім беру арқылы олардың жұмыспен қамтылуы деңгейін арттыру;
-
Тұрақты баспана алуға кедергілерді жою үшін заңгерлік, қаржылық және психологиялық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, жоба мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, осал топтар үшін тұрғын үйге қолжетімділікті жақсартуға бағытталған заңнамалық өзгерістерді ілгерілету мақсатында негізгі мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге ықпал етеді. Ынтымақтастық шеңберінде бенефициарлардың қажеттіліктерін қадағалап, көмек көрсетудің дербес тәсілін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дерекқорды жасау жоспарлануда.
ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков осы бастамаға қатысты: «Бұл бағдарлама Қазақстандағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірін шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Citi және Citi қорымен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз көмекке мұқтаж адамдарға тікелей қолдау көрсетумен қатар, олардың өмірін түбегейлі өзгертетін ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге жұмыс істейміз. Біз осал топтар, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қауіпсіз және сенімді тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені бірге құрамыз», — деп атап өтті.
Бұл жоба Citi қоры мен ОАЕҚ-ның осал топтарға қажетті құралдар мен қолдау көрсету арқылы инклюзивті қоғам құруға деген ортақ мақсатын көрсетеді.
2024 жылдың қаңтар айында Citi қоры үкіметтік емес ұйымдар арасында «Global Innovation Challenge» халықаралық инновациялық байқауын жариялады. Толық ақпарат алу үшін citifoundation.com/challenge сайтына кіріңіз және осы ұйымдардың жұмысының нәтижелерін әлеуметтік желілерде #InnovationChallenge хэштегі арқылы қадағалаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Ақмарал Қарлыбаева
Электрондық пошта: akmaralk@ef-ca.org
Орталық Азияның Еуразия Қоры 2006 жылы тіркелген. Қор азаматтардың ұлттық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуіне көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады. Қор сондай-ақ компанияларға және олардың корпоративтік қорларына корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің тиімділігін арттыру бойынша кеңес береді.
«Ситибанк Қазақстан» АҚ (Citigroup еншілес компаниясы) Қазақстандағы банк саласының көшбасшыларының бірі болып табылады. Citi халықаралық компаниялар мен инвесторлар, Қазақстан Үкіметі және елдің ірі кәсіпорындары үшін негізгі серіктес ретінде қызмет етеді. 2023 жылы Asiamoney қаржы басылымы жыл сайынғы Best Bank Awards марапатында қатарынан бес жыл (2019-2023 жылдары) бойы Citi-ді Қазақстандағы үздік халықаралық банк деп таныды.
Банк туралы қосымша ақпаратты www.citigroup.com сайтынан табуға болады.
Байланыс: Меруерт Суханкулова, тел.: +7 705 105 4141, эл. пошта: meruyert.sukhankulova@citi.com