Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту

Карта деятельности Фонда

Новости направления

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,

2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері


Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту

 

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) – бұл бизнесті жүргізу тәсілі, соның арқасында компания мүдделі тараптармен өзінің барлық келісімдері мен операцияларында іскерлік қатынастардың жоғары этикалық және жауапты тәжірибесін жүзеге асырады.

КӘЖ заңда белгiленген міндеттемелер шеңберінен шығып, ұйымдар өз жұмыскерлері мен олардың отбасыларының, сондай-ақ жергілікті қауымдастық пен жалпы қоғамның өмір сапасын арттыру үшін қосымша шараларды өз еркімен қабылдауды болжайды.

Қазіргі уақытта, аталмыш бағыт шеңберінде ОАЕҚ екі бастамасы әрекет етеді:

www.csrkz.orgсайты

www.csrkz.org сайты Қазақстан Республикасында КӘЖ туралы ақпарат деңгейін жақсарту, аталмыш тақырып бойынша ең үздік практикалық тәжірибе мен ресурстарға қол жетімділікті арттыру мақсатында құрылған, ашық коммуникациялық және білім платформасы болып табылады. Веб-сайтты құру идеясы Қазақстандағы Американдық Палатаның КӘЖ бойынша Жұмыс тобы қызметінің нәтижесі болып табылады.

Көптеген кездесулер мен талқылаулар кезіндегі біздің байқағанымыз бойынша, КӘЖ дамытуына мүдделі көптеген компаниялар, ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдар барында, олардың арасындағы тиімді өзара әрекетті жүзеге асыру қиынға соғады, сондықтан КӘЖ қағидаларының жалпы түсінігі, қызметінің нақты бағыты болмайды, сонымен қатар Қазақстан бойынша географиялық шашыраңқылығы мәселесі орын алады.  

КӘЖ бағдарламалары арқылы жеке және коммерциялық емес секторлар қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде жаңа идеялар мен тәсілдердің құнды ресурсы бола алатынына сенімдіміз.


«Қазақстандағы КӘЖ клубы»

КӘЖ клубы 2011 жылы құрылды. Бизнес-сектор, үкіметтік емес ұйымдар, университеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдірі клуб мүшелері болып табылады.


Миссиясы:  Мемлекет, бизнес, қауымдастық және қазақстандық қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін әрбір жеке тұлға серіктестігінің дамуына бағытталған ең үздік тәжірибелер мен стандарттарды жетілдіру мен тарату арқылы, КӘЖ мәдениетін қалыптастыру мен дамыту.


Клубтың міндеттері:

  • КӘЖ саласындағы табысты тәжірибелерді тарату мен насихаттау.
  • КӘЖ сұрақтары бойынша мүдделі тараптарды диалогқа тарту (ҮЕҰ, бизнес-сектор, мемлекет).

 

Маңғыстау облысында балалардың құқығын қорғау саласындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаттарын насихаттау

Жобаның атауы: «Маңғыстау облысында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаларын алға жылжыту және балалардың құқығын қорғау». 

Подробнее

«Қазақстандағы тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы қазақстандық алғашқы салалық бизнес-нұсқаулықты шығару» жобасы

КӘЖ және электроэнергетика саласындағы бизнестің тұрақты дамуы туралы алғашқы қазақстандық нұсқаулық.

Подробнее

Поиск по проектам






с по