Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Әлжуаз топтарға көмек көрсету

Карта деятельности Фонда

Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру

Дата начала: 10.01.17 Дата завершения: 31.12.18

Общая информация о проекте


Жобаның мақсаты:

Халықтың осал топтарының құқықтарын қорғаудың тетіктері мен тәжірибесін жетілдіру, атап айтқанда, олар қылмыстық және азаматтық сот төрелігі жүйесіне тартылған кезде мемлекет тарапынан тегін құқықтық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Жобаның міндеттері:

• Жағдайды жан-жақты зерделеу, заңнаманы мониторингілеу және талдау арқылы, осал топтардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік мәселелерге тап болған жағдайларда тегін заң көмегін алуға қол жеткізуге кедергі келтіретін негізгі кедергілерді анықтау.

• Ұлттық деңгейде тегін заңгерлік көмек қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында мемлекет кепілдік берген тегін құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдірі лоббилау.

• Әлеуметтік осал топтар арасында мемлекеттік тегін заң көмегін ұсыну тетіктері мен ерекшеліктері туралы хабардарлық деңгейін көтеру.

 

Күтілетін нәтижелер:

• Халықтың осал топтарына тегін заң көмегін алуға және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге кедергі келтіретін негізгі кедергілерді айқындау;

• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары бойынша тегін заң көмегін жақсарту бойынша ұсынылған ұсыныстарды қосу;

• Мемлекеттік кепілдік берілген құқықтық көмек алу тетіктері туралы халықты хабардар ету арқылы халықтың осал топтары үшін тегін құқықтық көмекке қолжетімділікті арттыру.

Жоба шеңберіндегі іс-шаралар:

• Сараптау комиссиясын құру.

• Заңнаманы зерттеу, мониторинг және талдау.

• Грузияға оқу сапары (Тбилиси).

• Аймақтық дөңгелек үстелдер.

• заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынылған ұсыныстарды сараптамалық бағалау

• «Қазақстандағы тегін құқықтық көмек жүйесін жетілдіру» атты ұлттық конференция

• Жобаны сыртқы бағалау

 

Зерттеудің нәтижелері орыс тілінде: http://ef-ca.kz/resursy/issledovaniya/page/2/

 

Жобаның географиялық аймағы:

Қазақстанның жеті облысы: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары

 

Жобаның доноры:

Еуропалық Одақ (ЕО) - 60 жылдан астам кеңейту үдерісінің барысында тұрақтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын құрған 28 мүше мемлекеттен тұратын саяси әрі экономикалық одақ.

ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылды. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары саясаттың 29 басты салаларын қамтитын Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, олардың ішінде экономика және қаржы салаларындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру мен ғылыми зерттеулер салалары.

1991 - 2014 жж. аралығында ЕО жалпы құны 180 млн. еуро құрайтын 350-ден астам жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар (а) орталық және жергілікті билік органдарының әлеуетін нығайтуға, (ә) әділсот жүйесіндегі реформаларды қолдауға, (б) әлеуметтік және экономикалық реформаларды енгізу бойынша мемлекеттік сектордың әлеуетін жетілдіруге бағытталған. 2007-2013 жж. аралығында ЕО Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралының (DCI) аясында бөлінген 74 млн. еуро көлеміндегі екіжақты жобалар жүзеге асырылды.

Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары елдер санатына енсе де, ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне арналған аймақтық көп жылдық индикативті бағдарламасы аясында аймақтық ынтымақтастықтың тиімділіктеріне қол жеткізе алады. Ол екі саланы қамтиды: тұрақты даму (энергетика, қоршаған орта, су ресурстары және әлеуметтік-экономикалық даму) және аймақтық қауіпсіздік (шекараларды басқару, есірткі заттардың заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес, заң үстемдігі мен сот реформалары). 2014 – 2020 жж. қаржыландыру мерзіміне ЕО Орталық Азия мемлекеттеріндегі аймақтық ынтымақтастық жобаларды іске асыру үшін 360 млн. еуро қаражат бөлді (соның ішінде 115 млн. еуро Erasmus+ бағдарламасына тиесілі).

Сонымен қатар, ЕО Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес субъектілер және жергілікті билік органдары (NSA-LA) сияқты тақырыптық бағдарламалары арқылы Қазақстандағы плюралистік саяси жүйені насихаттау әрі азаматтық қоғамның рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жобаларды қаржыландырады.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс:

Ақмарал Қарлыбаева, ФЕЦА жобасының менеджері, тел .: +7 (727) 250 18 10, ішкі. 120, моб .: +7 701 346 21 77, mail: akmaralk@ef-ca.org


Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

География проекта

Поиск по проектам






с по



Другие проекты этого направления

"QOLDA" жедел көмек бағдарламасы

"QOLDA" жедел көмек бағдарламасы азаматтық қоғамды тарту, қоғамдық және волонтерлік ұйымдардың жұмысының тиімділігін және координациясын көтеру, БАҚ арқылы халықтың ақпараттылығын көтеру арқылы карантиннің жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған.

Подробнее

Қолжетімді Қазақстан

Орталық Азиядағы Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Tandau» және «Ерекше Тандау-Шелек» қорымен бірлесіп 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қолжетімді Қазақстан» жобасын іске қосты.

Подробнее

Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру

2017 жылдың қаңтар айынан бастап, Орталық Азияның Еуразия Қоры Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қолдауымен «Қазақстандағы осал топтарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» жобасын жүзеге асыруда.

Подробнее

Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту

2015 жылдың наурыз айынан бастап Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы басталды.

Подробнее

АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ҚОЛДАУ

2012 жылдың қараша айынан бастап, 2015 жылдың наурыз айына дейін ҚР-ғы ЕО Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Ауылдық ҮЕҰ қолдау» жобасы жүзеге асты.

Подробнее