Подпишитесь на наши новости:
Әлжуаз топтарға көмек көрсету
- Жастар және білім беру
- Азаматтарды тарту және тиімді басқару
- Кәсіпкерлікті қолдау
- Әлжуаз топтарға көмек көрсету
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту

"Qolda" жедел көмек көрсету бағдарламасы

Общая информация о проекте
2020 жылдың сәуір айында Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында “Qolda 1.0” бірінші кезеңін іске қосқан болатын. Іріктеу нәтижесінде 11 ҮЕҰ мен 7 БАҚ грант иегері атанды.
ҮЕҰ-ға бөлінген грант медицина қызметкерлеріне, көпбалалы отбасыларға гуманитарлық көмек, мүгедектігі бар жандарға, мигранттарға, есірткі тәуелді азаматтарға қолдау көрсетуге және шағын және орта бизнеске консультациялық көмек көрсету мен әйел адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге жұмсалды. 1900-ге жуық әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға көмек көрсетілді, Алматы қ, және Алматы облысындағы провизорлық клиникалардың медицина қызметкерлеріне 2300 түскі және кешкі ас беріліп, оларға 500 жеке қорғану құралдары таратылды, мүгедектігі бар жандар мен есірткі тәуелді азаматтарға 1500 консультация берілді, 100 еңбек мигранттарына қолдау көрсетілді, шағын бизнеске 1400 консультация берілді, бизнесті дамытуға бағытталған 300 жеке жоспар құрылды. БАҚ-на бөлінген гранттар COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, COVID-19 қарсы күрестегі қоғамдық ұйымдар, мемлекет және бизнес өкілдері өткізген шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған.
“QOLDA” бағдарламасының екінші кезеңі аймақтық бастамаларды қолдап, азаматтық қоғамның төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыруға бағытталады.
Бөлінген қаражат келесі жобаларға жұмсалуы керек:
-
Ауыл аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою (4,4 млн теңгеге дейін);
-
Аймақтардағы халыққа төтенше жағдай кезінде ақпарат беріп, қолдау көрсетуге және аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыру мен аймақтардағы еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған онлайн ұзақ мерзімді шешімдер (5 млн теңгеге дейін);
-
Азаматтық қоғамның төтенше жағдайға жауап қайтару мен ұлттық деңгейде еріктілер қозғалысын дамытуға арналған онлайн ресурстарды қолдау (9 млн теңгеге дейін).
Жоба беті: https://qolda.org/
Проект в СМИ
Доноры и партнеры проекта


Ресурсы и файлы проекта

Поиск по проектам
Другие проекты этого направления
- Активные
- Завершенные
"Qolda" жедел көмек көрсету бағдарламасы
Бағдарламасының мақсаты – азаматтық қоғамды тарту, қоғамдық және еріктілік ұйымдарының координациясын жетілдіру, БАҚ арқылы халықтың ақпараттылығын арттыру арқылы карантиннің халыққа кері ықпалын азайту.
ПодробнееҚолжетімді Қазақстан
Орталық Азиядағы Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Tandau» және «Ерекше Тандау-Шелек» қорымен бірлесіп 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қолжетімді Қазақстан» жобасын іске қосты.
ПодробнееҚазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру
2017 жылдың қаңтар айынан бастап, Орталық Азияның Еуразия Қоры Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қолдауымен «Қазақстандағы осал топтарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» жобасын жүзеге асыруда.
ПодробнееАдам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту
2015 жылдың наурыз айынан бастап Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы басталды.
ПодробнееАУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ҚОЛДАУ
2012 жылдың қараша айынан бастап, 2015 жылдың наурыз айына дейін ҚР-ғы ЕО Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Ауылдық ҮЕҰ қолдау» жобасы жүзеге асты.
Подробнее