Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

26 сәуір 2017 ж.

«Степ бай Степ» технологиясы және «Монтессори» жүйесі бойынша оқыту

ОАЕҚ «Степ бай Степ» технологиясы мен «Монтессори» жүйесі бойынша оқыту тренингтеріне қатысушыларды қабылдайды. Оқыту тренингтері Құрық ауылының балабақшалары негізінде өтеді. Бүгінде «Степ бай Степ» пен «Монтессори» әдістемелері Құрық ауылының  4 балабақшасына ендірілген. Қазіргі кезде тағы бір мектепке дейінгі білім беру мекемесіне ендірілуде.

Құрық ауылының балабақшалары «Степ бай Степ» технологиясымен бесінші жыл, «Монтессори» жүйесімен үшінші жыл жұмыс істеп келеді; барлығы 10 «Степ бай Степ» топтары мен 4 «Монтессори» сыныптары бар.  Бүгінгі күнге дейін «Степ бай Степ» технологиясы бойынша 100 маман, «Монтессори» жүйесі бойынша 70 маман оқытылды. Жоба аясында олардың 13-і «Степ бай Степ» технологиясы бойынша, 5-уі «Монтессори» жүйесі бойынша қазақ тілді жаттықтырушылар мен сарапшыларға айналды. 

Оқыту тренингтеріне Маңғыстау облысының балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлері қатыса алады. Тренингтерге қатысу үшін міндетті түрде сұраныс хатты толтыру қажет. Оқыту тренингтеріне қатысуға ниет білдіргендер арасынан «Степ бай Степ» технологиясы бойынша 30 адам, «Монтессори» жүйесі бойынша 30 адам таңдалып алынады. Осы құрам бірнеше оқыту тренингтеріне қатысады.  Тренингтер тегін өткізіледі (тамақтану қарастырылған) және сертификаттар екінші тренингтен кейін табысталады.  

Тренингтің бағдарламасы 30-40% теориядан (әдістемелердің негіздері мен ерекшеліктері), 60-70% тәжірибеден (оқыту құралдарымен танысу, «Степ бай Степ» топтары мен «Монтессори» сыныптарында тәжірибеден өту), әдістемелік құралдармен бөлісуден, «Степ бай Степ» топтары мен «Монтессори» сыныптарын ашуға қатысты кеңес беруден, т.б. ақпаратпен бөлісуден тұрады.

Тренингтердің өтетін орны: Құрық ауылының балабақшалары

Оқыту тренингтеріне сұраныс хаттарды қабылдау: 2017 жыл 19 мамырға дейін  

Сұраныс хатты жүктеу.

ЖОБА ERSAI CASPIAN CONTRACTOR LLС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Поделиться страницей: