Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

2 шілде 2018 ж.

Осал топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі ЕО жобасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

29 маусымда Еуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры мен Талдықорған Адам құқықтары жөніндегі орталығымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру» жобасы аясында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері, Республикалық заңгерлер қауымдастығының өкілдері, ЕО (EUCJ, Дағдарыс орталықтары одағы) қаржыландыратын сот төрелігі саласындағы жобалар, адам құқығы жөніндегі сарапшылар, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің делегациясы жобаның аралық қорытындыларын талқылады. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңіне арналған жұмыс жоспарын және жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін серіктес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тетіктерін анықтады.

Жобының жарты жылдық мерзімі кезінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін жетілдіру үшін жоба ұсыныстарын насихаттау мақсатында ақпараттық-насихаттау кампаниясы жүргізілді. Кампания бөлігі ретінде, жоба серіктестері-жергілікті ҮЕҰ-ға арналған семинар өткізіліп, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен адам құқықтарын қорғауға бағытталған түрлі платформаларда және кездесулерде жобаның ұсыныстары ұсынылып отырды. Сондай-ақ, маусымның басында Грузияға осал топтарға құқықтық көмек көрсетуде халықаралық тәжірибені зерттеу және талдау үшін зерттеу сапары өткізілді. Кездесу барысында, сапар қатысушылары, халықаралық тәжірибесінің негізгі нәтижелерін атап өтті және халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері бойынша баяндама жасады.

«Грузияға сапар өте нәтижелі болды, қатысушылар Грузиядағы құқықтық көмек үлгісін, сонымен қатар заңгерлер жұмысының механизмі мен олардың төлем жүйесі туралы ақпаратты зерттеді. Біз Грузияның Құқықтық көмек қызметі, Жоғарғы Соты, Заңгерлер қауымдастығы және басқа да ұйымдармен келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ, ЕО қаржыландыратын Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Грузия жобалармен кездесулер ұйымдастырылды. Сапар қорытындысы бойынша, грузин практикасын зерттеуге негізделген бірқатар ұсыныстар дайындалды. Біз халықаралық тәжірибені зерттеу нәтижелері, ұсыныстары мемлекет кепілдік берген заң көмегін қазақстандық моделін жетілдіру үшін пайдаланылатына үміттенеміз», - деді жобаның сарапшысы Дмитрий Нурумов.

«Мен Грузия халқының осал топтарын анықтауға деген көзқарасы қызықтырды. Денсаулық сақтау министрлігінде халықтың осалдығын анықтайтын арнайы қызмет бар. Ең алдымен мүгедектер түседі, содан кейін табыстың деңгейіне, тұрмыс жағдайына, әлеуметтенуіне қатысты ұпайлар алынады. Әртүрлі қызметтер осы дерекқорға қол жеткізе алады. Үш топ адам кез келген жағдайда тегін көмекке қол жеткізе алады - қабілетсіз, кәмелетке толмаған және тұрмыстық зорлық құрбандары. Менің ойымша, осал топтарды анықтауда бізге жаңа әдіс қажет», - деді Талдықорғанның Адам құқықтары жөніндегі орталығының директоры және жоба серіктесі Виктор Тен.

«Бізде Әділет министрлігі адвокатураны жүргізуге лицензия береді, ал Грузияда бұл адвокаттың қауымдастықтың өзі. Егер Қазақстанда осындай мүмкіндік болса, онда көптеген адвокаттар кобеер еді», - дейді адвокат және Республикалық адвокаттар алқасының ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі Мұрат Жаңбаев.

«Мемлекет өзінің миссиясын жүзеге асыру үшін заң көмегін тегін пайдалану құқығы бар тұлғалардың тізімін кеңейтуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген құқықтық көмекке құрамына кіретін заңдық ақпараттандыруға бөлінетін қаржыны мұқият бақылауы қажет», - деп жоба сарапшысы және ҚҚ «Құқықтық саясатты зерттеу орталағының» (LPRC) директор орынбасары Татьяна Зинович атап өтті.

 

 

Поделиться страницей: