Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

13 қаңтар 2021 ж.

Жұмылсақ - жұдырық боламыз!

Форт Шевченко қаласы тұрғындарының қуанышына айналған «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасының бірінші жылы біздер «Жұмылсақ – жұдырық боламыз!» атты шағын жобалар байқауына қатысып, Еркеғұлов көшесіндегі қараусыз қалған спорт алаңын реконструкциялауға өтінім берген болатынбыз. Көше тұрғындары және аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып жұмысызды абыроймен атқарып шықтық. Жобаның екінші кезеңінде спорт алаңын көгалдандыру мақсатында қосымша қаржылай грантқа ие болдық. «Қоғамдық кеңістіктер» жобасының бізге қойған басты талабы – қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне қауымдастықпен бірлесе отырып ат салысу болатын. Біз осы талапты түбегейлі орындап шықтық. Жоба барысында үкімет, қоғам, бизнес үштігінің бірігіп жұмылса жұдырық болатынына көз жеткіздік.
Қауымдастық тарапынан көше тұрғындары: Сарсенгалиева Құралай, Аралов Талғат, Қиясов Мұратбек, Нәкишов Қайыржан, Қосмағанбетов Нұрлан т.б., ал бизнес саласынан: Түрпенбаев Назар, Жангожин Жандарбек, Шадыров Ерлан және жергілікті билік өкілдерінен: Түпқараған аудан әкімінің орынбасары Бисенгалиев Кенжеғали, Форт-Шевченко қаласының әкімі Тілепов Өсер, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Досан Жеткізген, аудандық спорт және мәдениет бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева өз көмектерін тигізді.
Түпқараған ауданының инфрақұрылымын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Теңізшевройл» компаниясына алғысымыз шексіз. Осындай игі жобаларды жүзеге асыру барысында қала тұрғындарының сауаттылығын арттырып, өз күштерімен өңірдің көркеюіне ат салысуға ынталандырған жоба командасына үлкен рахмет айта отырып, жұмыстарына шығармашылық табыс, дендеріне саулық тілейміз!


 

Курен Медеуова, «Хазірет» жастар Қоғамдық Қорының жетекшісі

Поделиться страницей: