Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін
31 мамыр 2022 ж.

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ

Биылғы сәуірден бастап «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі цифрлық сауаттылық

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Біз осы жобаға қатысу себебіміз, ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары толық қамтылмаған. Көшелердің қараңғылығы әсіресе қыс мезгілінде мектеп оқушыларына, көше тұрғындарына қатты қиындық келтіретін. Таңертеңгі және кешкі мезгілде көше бойымен жүру қиын әрі қауіпті болатын. Сол себепті ауыл әкімдігінің жоспарлы істерін күтіп күн өткізбей осы жобалар арқылы мүмкіндігімізді пайдаланып, осы күнге дейінгі шешімі табылмаған қараңғылық мәселесін шешуді жөн көріп , жұмыстануға ынталы топпен шешім қабылдадық. Көшенің жалпы ұзындығы 500 метрді құрайды. Көшенің жарықтандыру бағандарының арақашықтығы 25 метрден болды. Оған 20дана бағандармен 20шт. консольді күннен қуат алатын жарық құрылғылары сатып алынды. Бағандарды қазылған орынға орнату үшін арнайы кран көлігінің көмегіне жүгіндік. Орнатылатын әр бағанға құйылатын бетон қоспасы құйылып (цемент ,шебень, пгс топырақ, (су көше тұрғындары есебінен)). Орнатылып болған бағандарға электр маманның жұмысы арқылы жарықтандыру құрылғыларын орнаттық. Мақсатымызға жеттік! Қазір көшеміз жап-жарық әрі қауіпсіз.

Поделиться страницей: