Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін
31 мамыр 2022 ж.

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ

Биылғы сәуірден бастап «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі цифрлық сауаттылық

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда. Солардың бірі Боранқұл ауылы. Мұнда қатарынан екінші жыл спорт және ойын алаңдары қолданысқа берілуде. 16 қазан Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында үш балалар ойын алаңы және екі спорт алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Биыл, Боранқұл ауылының белсенді азаматтары «Qoǵamdyq keńistikter» әлеуметтік жобасы аясында 5 шағын жобаны іске асырып, ауылының көркеюіне атсалысуда. 2022 жылыда белсенді азаматтарымыз 5-жоба ұсынып, толығымен 5-жобада жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ: Боранқұл ауылының 6-шы ауылына «Жасдәурен» және 4-ші ауылына «Жастық шақ», 1-ші ауылына «Балдырған» балалар ойын алаңдары салынды. 6-шы және 4-ші ауылдарға «Тәні саудың – жаны сау», «Білекті мыңды жығар» воркаут және көше тренажер алаңдары салынды. Жобаның мақсаты: ауылымызды көркейтіп жақсартып, 1000-ға жуық жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін осындай игі істер жасау. «Боранқұл ауылының 1,4,6 -шы, ауылындарында балалардың ойнайтын жерлері болмағандықтан мектеп жасындағы 1500-ға жуық бала ауыл арасындағы жол бойына ойнауға мәжбүр болатын. Қанша жерден қауіпті екенін түсіндіргенмен, ойын балалары қызық іздеп шығып кете беретін. Көшеде шаң жұтып жүрген балалардың денсаулығына да қатты уайымдайтынбыз. Балалар ел болашағы, олардың ойнау арқылы ой-саналарын дамыту үшін қоғам болып ат салысып ауылымызда балаларға арналып ойын және спорт алаңдары салынғанына дән ризамыз!» деді Сиық Айтбай Сиықұлы, Боранқұл ауылының жоба үйлестірушісі

Поделиться страницей: