Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін
11 қыркүйек 2024 ж.
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз ісін қалай дамытады
Бір жыл бұрын алты ақмолалық кәсіпкер эко-, этно-, агротуризмнің дамуына бағытталған “Байтақ жер” жобасының жеңімпазы болып атанды. Олар оқыту бағдарламасына қатысып, өз жобаларын әзірлеп, жобаларын іске асыру үшін қаржыландыруға ие болды.
Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз тәжірибесімен бізбен үш кәсіпкер бөлісті. Олардың біреуі иппотерапияны дамытса, екіншісі спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, ал үшіншісі шығармашылық шеберханасының жұмысын жетілдірілуде. Үш бірегей әңгімені мақаламыздан оқуыңызға болады.
Шығармашылық шеберхана
800 теңге мөлшерінде алынған қарыз арқасында Балкашино ауылында тұратын Шығармашылық шеберханасының иесі Анастасия Тыщенко әртүрлі материалдарды кесуге арналған арнайы құрылғыны сатып алды.
- Жаңа жабдық ісімнің дамуына оң әсер етті - кәдесыйлардың жаңа түрлерінің жасауын меңгеріп, ойылған магниттерді шығара бастадым. Осымен қатар, мемлекеттік мекемелерге арналған стендтер жасау тендеріне қатысып, жеке тұтынушылардан түсетін тапсырыстардың ұлғайған санын алып, мерекелерге арналған арнайы өнім жасауға кірістім, мәселен, тойбастарға арналған оюлған ағаш қораптары, - деді кәсіпкер. - Мерекелер қарсаңында сату үшін жаңа өнімдер өндіремін: Рамазан айы үшін майлық ұстаушылар болса, Пасхаға кулич пен жұмыртқа салынатын науалар болады.
Кәсіпкер туған ауылында “Байтақ жер” жобасының таныстыруынан кейін оған қатысу жайлы шешім қабылдады. Осыдан кейін ол онлайн-оқытудан өтіп, Астанадағы 10-күндік бағдарламаға қатысты.
Сатып алынған жабдық шеберхана ісін жақсы дамытты - тұтынушылар матадан басылған суреттерге, мейрамдарды безендіру қызметтерге, баннер, перфопленкада басуға, шарларды гелиймен толықтыруға, кәдесыйларды жасауға тапсырыс бере алады. Ал Анастасия өнімдердің жаңа жасалу тәсілдерін меңгеріп, қарызын төлеуді жалғастырады.
Шаңғы әуесқойларға арналған іс-шаралар
Анастасияның жерлесі Александр Коренецкий 20 жылдан астам шаңғы спортымен шұғылданады, “Байтақ жер” жобасының қолдауы арқасында ол сүйікті ісін әуесқойлар арасында насихаттауды жалғастырды. «Қазақстандағы шаңғы жарысы әуесқойларының қоғамдастығы» ҚБ президенті ретінде Александр Коренецкий “Байтақ жер” жобасына қатысып, спорттық іс-шараларды өткізу жөнінде жобасын әзірледі.
- Сандықтау ауданында шаңғымен және роликтегі шаңғымен сырғанаудан жарыстарды өткізуге 5 млн. теңге мөлшерінде грантты жеңіп алдық. Өткізілген іс-шаралардың арқасында туристер, спортсмендер ауданымызға келіп, туризм мен шағын бизнес дамуына өз әсерін тигізді. Бөлінген қаражат арқасында 5 іс-шара ұйымдастырдық, қатысушылардың саны 200-ден асты, - деді қоғамдық бірлестігінің басшысы. Соңғы іс-шаралардың бірі - 1988 ж. Олимпиаданың күміс жүлдегері Владимир Сахнов атындағы шаңғы сырғанаудан әуесқойлары арасындағы 41 мәрте “Ақ марафоны” болды. Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам 30-75+ жас аралағындағы спортшы қатысты. Спортшылар жас ерекшелігіне қарай 30, 20, 15, 10 және 5 шақырым арақашықтықта бәсекеге түсті. Өзінің жас ерекшелігіне байланысты марафон жеңімпазы 20, ал жүлдегері - 35 спортшы болып атанды.
Спорттық туризмнің дамыту ерекшелегі жайлы Александр Коренецкий “Байтақ жер” жобасының “Туризм по-казахски” атты подкастының бір шығарылымында өз ойларымен бөлісті.
Иппотерапия және бейімделгіш атпен жүрісі
Аталмыш подкаст шығарылымының тағы бір кейіпкері - Қорғалжын ауданындағы жоба І кезеңі жеңімпаздарының бірі Амина Есина. Ол - иппотерапия және ат туризмі салаларындағы сертификатталған маман, “Keremet jol” ҚҚ жетекшісі және де “Nomad Women” атты әйелдер ат клубы ұйымдастырушыларының бірі.
Әлеуметтік кәсіпкердің сөзінше, пандемияға дейін ол ат туризміне бет бұрды. Уақыт өте келе Амина балалар иппотерапия мен бейімделгіш атпен жүрісі деген екі бағытты дамыта бастады.
- Ақмола облысы ат туризмін дамыту үшін еліміздің ең қолайлы аймақтардың бірі болып табылады, себебі Солтүстік Қазақстан жерінде ат қолға үйретілген. Осында төрт жыл мезгілінен бәрі кездеседі, ат туризміне жағымды дала мен орманды дала ландшафты, рекреациялық аумақтардың молшылығы бар, - деп есептейді Амина. - “Байтақ жер” - әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуымдағы алғашқы қадам. Әлеуметтік кәсіпкерлігімнің бастауына “Байтак жер” мол қолдау көрсетті. Мен алған білімін мен қаржыландыру үшін ғана емес, мотивация, тонус, сүйікті ісіммен айналысып, адамдарға пайдалы болғаныма ризамын.
Арнайы жабдықтардың сатып алуына, іс-шаралардың өткізілуіне “Байтақ жер” Аминаға 4 млн. теңгеден астам қаражат бөлді. Қазір алынған қаражат толық көлемінде жұмсалған Амина өз ісін ары қарай дамытуда.
“Байтақ жер” жобасының І маусымы қатысушыларының мысалы ОАЕҚ және “Шеврон” компаниясының бастамасы үкіметтің және қызығушылығы бар азаматтардың тығыз байланысында жұмыс жүргізу нәтижесінде Қазақстанда эко- және этнотуризм саласындағы кәсіпкерлікті жүйелі негізде дамытуға өз септігін тигізеді. Жоба қатысушылары қаржылық көмекпен қатар жаңа білімдерді меңгеріп, командаларын жинап, өз ісін дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтарға пайда әкеліп, нарықтағы ұсыныстардың сан алуандығын ұлғайтады.
Ақмола облысындағы эко-, этно-, агротуризмді дамытуға бағытталған «Байтақ жер» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылады. Жоба І кезеңінің алты жеңімпазы өз жобаларын іске асыруға арналған пайызсыз қарызға ие болды. Жобаның ІІ кезеңіне қатысуға ниетін білдірген 73 кәсіпкердің арасынан 40-ы оқыту курсына өтіп, олардан ақпанның соңында өткізілген қарыздар байқауы нәтижесінде 9 жеңімпаз іректелді.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz ресми сайтынан, подкастынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.