Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
31 мамыр 2022 ж.

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ

Биылғы сәуірден бастап «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі цифрлық сауаттылық

24 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін неліктен дәрігерлердің құқықтарын қорғау қажет?

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін қызметтер сапасының төмендігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және халықты медициналық қызметтермен аз қамту жатады. Пандемия тек бар проблемаларды ушықтырып, дәрігерлердің жүктемесін арттырды. Forbes.kz басылымның мәліметінше Қазақстанда бар болғаны 39 дәрігер 10 000 адамға қызмет көрсетеді.

Бұл проблеманың ықтимал шешімі ретінде Ақтөбе қаласында «Сенiм-Tiрек» ҮЕҰ Орталық Азия Еуразия Қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лайықты еңбекақы мен еңбек жағдайларына еңбек құқықтарын қорғаудың кешенді мониториңі» жобасын іске қосты. 

Дәрігерлер құқығының бұзылуы медицинаның қол жетімділігіне қалай әсер етеді?

Медицина қызметкерлерінің құқығының бұзылуы, ең алдымен, еңбек жағдайларына қанағаттану деңгейіне әсер етеді. Осылайша, дәрігерлердің көбі жоғары жалақы мен икемді жұмыс кестесі бар жеке клиникаларға жұмыс істеуге көшеді. Алайда халықтың көп бөлігі ақылы клиникаларда емделе алмайды. Нәтижесінде бұл қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен өмір ұзақтығына жағымсыз әсер етеді — білікті дәрігерлердің кеңесі қымбат тұрады, ал тегін қызметтер сапасы төмен болады.  

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғаумен кім айналысады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заңнамалық базаны және медқызметкерлердің құқығын қорғау әдістерін реттейді, ал денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыс берушілері мен басшылары медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың кепілі болып саналады. Алайда олардың жаңа экономикалық сынақтарға дайын еместігі және проблемаларды мәнін түсінуге ынтасыздығы көбінесе керісінше әсер етіп, медицина қызметкерлерінің құқығының бұзылуына әкеледі. Сонда да 2021 жылы ҚР заңнамасы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау тәсілдері мен әдістерін регламенттегенін атап өткен жөн.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің қорғалмағандығы мен осалдығы мәселесі Алматыда гастроэнтеролог дәрігердің атышулы өлтіру жайтынан кейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Қайғылы жағдай қауымдастықты ашуландырғаннан соң Денсаулық сақтау министрлігі биыл дәрігерлердің құқықтарын қорғау туралы заң қабылдауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ол әлеуметтік, материалдық және қаржылық қолдауға, сондай-ақ дәрігер мәртебесін нығайтуға бағытталады.

«Сенім-Тірек» жобасы неге бағытталған?

«Сенім-Тірек» ҚБ 2017 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, оның ішінде АИТВ инфекциясы бар адамдар, ішімдікке не есірткіге тәуелді адамдар, аз қамтылғандар, мигранттар және т. б. үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізеді. Ұйым Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында жобаларды жүзеге асырады.

«Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лайықты еңбекақы мен еңбек жағдайларына еңбек құқықтарын қорғаудың кешенді мониториңі» жобасы медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтауына мониториң жасауға, оның ішінде олардың жалақысын жүйелі арттыруға бағытталған. Жоба қорытындысы бойынша ұйым медицина қызметкерлерінің ең жиі орын алған еңбек құқықтарының бұзушылықтар тізбесін жасап, оларды адам құқықтары жөніндегі бейінді мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға жіберуді жоспарлап отыр.

Жоба жетекшісі Теміржан Құндолов медқызметкерлердің құқығын бұзу туралы жасалған ұсыныстарды мемлекеттік органдар ескеріп, ал медқызметкерлердің жалақысы өседі деп үміттенеді.

Байланыс үшін:

Теміржан Құндолов, «Сенiм-Tiрек» жобасының жетекшісі

тел.: 8 701 422 82 22

Жания Хаирова, «Qolda» бағдарламасының коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com

_________________________________

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Поделиться страницей: