Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
3 қыркүйек 2019 ж.
Жас іс кезушілерге арналған лагерь
Мейрамгүл – үш баланың анасы: 11 жасар Қуандық, 10 жасар Әдия және 6 жастағы Дамир есімді балалары бар. Балалар Атырау облысындағы шағын ауылда өсіп келеді, мектепке барады, үйіне оралған соң аулада ойнайды. Жазғы демалыстар да қалыпты өтеді. Жазғы мектеп лагерлерінде өзгермейтін бір бағдарлама: мектепте жиналу, жаттығулар және киноға не сауда орталығына бару.
Өткен жазда әлеуметтік желілерден Мейрамгүл Туризм және өлкетану клубының жанынан ашылған «Туған жер» лагеріне балаларды қабылдау жүріп жатқаны туралы білді. Мұндай туристік клубтар Атырауда көптен бері болмаған еді. Мейрамгүл қызығушылық танытып, балаларының барлығын жазуға шешім қабылдайды.
«Балалар жазғы лагерге 14 күн барды. Бірінші күннен кейін-ақ мен лагердің басқалардан өзгеше екенін түсіндім. Мұнда балаларға жорықтар мен балық аулау туралы айтылып қана қоймайды, тәжірибе жүзінде көрсетіп, дағдылар қалыптастырады. Экскурсияларға апарады, тарихын айта отырып, көрнекі орындарды көрсетеді. Балалардың география мен тарихқа қызығушылығы оянды, ой-өрісі кеңейді», - дейді Мейрамгүл.
Ол үлкен ұлының мінез-құлқы мен мінезіндегі өзгерісті басты нәтиже деп біледі. Қуандық тұйық болды, көп сөйлемейтін және жаңа ортаға бейімделуі қиын еді. Лагерге барған соң ол ашық бола түсті, өзіне назар аудартып үйренді. Қазір ол талқылау барысында шетте қалып қоймайды. Өзінің көзқарасын білдіреді және оны қорғай біледі.
«Мен балаларға үнемі табиғат туралы кітаптарды сатып алатынмын. Бұрын олар кітапқа қызықпай, тек суреттерін қарайтын. Алайда қазір үлкендері бұл кітаптарды қызыға оқып, Дамирге айтып беріп жүр. Лагерде оларға ертегілер оқып, соңынан бірлесіп талқылау жүргізді. Балаларда осы әдет қалып қойды. Қазір олар көбірек оқиды, сосын оқығанын талқылайды және талдайды», - деп Мейрамгүл өз әсерімен бөлісті.
Келіншекті жазғы лагердің тағы бір нәтижесі таңғалдырды. Бұрын балалардың тәрбиесіне көп араласпайтын отағасы қазір олармен бірге көп уақыт өткізеді, кітаптар оқиды және туған өлкенің тарихын бірге талқылайды. Мейрамгүлдің айтуынша, отағасы балалармен бірге лагердің жаңа маусымын тағатсыздана күтуде.
Клубтың негізін қалаушы Гүлжан Елешова журналист ретінде көп саяхаттаған. Және өзінің байқағандарымен бөлісіп, адамдарды аймақтың тарихымен және қаһармандарымен таныстырғысы келетін. Ол өскелең ұрпақты ұрандармен емес, нақты мысалдар арқылы патриоттыққа баулу қажеттігін түсінетін. 2018 жылы ашылған «Туған жер» лагерін құру идеясы осылай пайда болған.
Клубта жазғы туристік лагерь, өлкетану және өмірлік дағдылар, физикалық дайындық үйірмелері жұмыс жасайды. Бағдарламада жарыстар, экскурсиялар мен жорықтар қарастырылған. Гүлжан балаларға арналған журналистика және ораторлық өнер үйірмесін жүргізеді.
Жазғы демалыс уақытында лагерде 30 бала оқудан өтті және дем алды, бұл үш толық ауысым. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары да болды.
«Менің ерекше есімде сақталған бір отбасы бар. Ата-анасының екеуі бірге алып-кетіп жүрген түрлі жастағы үш бала барлық тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындап жүрді. Оларға шатыр тігу, отқа арналған отын жинау, балық аулау, яғни өз қолдарымен жасайтын әрекеттер өте ұнайтын», - деп Гүлжан Мейрамгүлдің балаларын есіне алады.
Гүлжан спорттық бағдарлау мен туризм бойынша өз командасын облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға шығаруды, сондай-ақ облыстың ішкі туризмін жандандыру мақсатында Атырау облысының туристік ассоциациясын құруды армандайды.