Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

2 қыркүйек 2019 ж.

Жас конструкторлар елді бағындыруда

14 жасар Фараби Самаликов бала кезінен ДЦП дертіне шалдыққан. Ұсақ моторика мен бүкіл тірек қимыл аппараты қызметінің бұзылуына байланысты оған ұсақ бөлшектермен жұмысты талап ететін сабақтар қиынға соғады.

2017 жылы ол робототехника үйірмесіне келді және бірден ең талапты оқушыға айналды. Денсаулығына қатысты мәселелерге қарамастан ол роботтарды құрастыруды және оларды бағдарламалауды үйренді.

Фараби робототехника бойынша облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иемденді және әр жолы ол сайыстың ең қиын түрлерін таңдайтын. Ол STEM бойынша қалалық хакатонда жеңіске жетті. 2018 жылы Фараби робототехника бойынша Республикалық чемпионаттың «Лабиринт» номинациясында төртінші орынды иеленді, бұл жарысқа Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген командалар қатысқан болатын.

Фарабидің айтуынша, робототехникамен айналысқанға дейін ол өте тұйық болған. Ата-анасы оның бұрын үйде көп ашуланшақ болғанын айтады. Роботехникамен айналысуды бастаған соң  әлем ол үшін жарқын бола түсті, ол ашылып, Атырауда және Қазақстанның басқа да қалаларынан көп достар тапты. Үйдегілермен сөйлесудегі шиеленіс сейілді. Ол өзінің болашақ кәсіби қызметін ақпараттық технологиялармен байланыстырады.

Атырау қаласындағы робототехника үйірмесі 2015 жылдың қаңтар айында ашылды. Мұнда 6 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер роботтарды құрастырады және жинайды. Төрт жыл ішінде үйірмеге қала мен шалғай аудандардан келген 400 оқушы қатысқан. Олардың барлығы  өздерінің  армандарын жүзеге асырды – өз роботтарын құрастырып шығарды. Мұндай сабақтар техникалық  және инженерлік дағдыларды, логиканы, қиын есептерді шешу қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ балалар хабаршылар, моторлар сынды техникалық жабдықтармен жұмыс істеуге машықтанды және бағдарламалаудың  қыр-сырын үйренді.

«Сонымен қатар біз тұрақты түрде сайыстар ұйымдастырамыз, онда балалар командаларда өнер көрсетеді әрі ниеттес жандардың ортасында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Соның арқасында әлеуметтік дағдылар мен командалық рух қалыптасады. Осы жылдар ішінде 70-тен астам оқушы робототехника бойынша облыстық сайыстардың жеңімпазы және жүлдегерлері атанды, 20-дан астам оқушымыз робототехникадан Республикалық сайыстарға қатысу тәжірибесін жинақтап, бүкіл Қазақстаннан келген пікірлестерімен араласу мүмкіндігіне ие болды. 2018 жылдың желтоқсанында Петропавл қаласында робототехникадан өткізілген Республикалық сайыста Атырау облысының құрама командасы түрлі номинациялар бойынша бір бірінші және үш жүлделі орындарды иеленіп, Қазақстанның барлық аймақтары арасында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды», - дейді үйірменің негізін қалаушы Асқар Алдан.

Асқар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту робототехникасын енгізуді  және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған робототехника, STEM және бағдарламалау бойынша курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Поделиться страницей: