Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

13 қаңтар 2021 ж.

Жан жылуы!

 


Адамның психикалық жан саулығы, адамның денсаулығы сияқты ерекше маңызға ие. Барлық қоғамдағы әлеуметтік құрылымдарда психолог мамандарының қызметіне деген сұраныс артуда.

Мен, 434 бала білім алатын Форт-Шевченко қаласынның Есбол Өмірбаев атындағы орта мектепте психолог маманы ретінде қызмет атқарып келемін. Білім ордасындағы «Психология» кабинеті жабдықталуы мен безендірілуі көңіл толтырмайтын еді. Кабинетте де ерекше аура, жан жылуы, жағымды энергетика сезілуі қажет. Психологиялық көмек алушыларға оң әсер мен жақсы жағдай сыйлайтын, заман талабына сай жабдықталған кабинет мектеп қажеттілігінің бірі еді. Дәл осы арманымыз «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен, Орталық Азияның Еуразия Қорының «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы аясында жүзеге асты.

Бүгінгі таңда «Жан жылуы» шағын-жобасының қызметі –  мектебіміздің  барша білім алушылары, соның ішінде арнаулы сыныптағы мүмкіндігі шектеулі – 14 бала, инклюзия - 2 бала, олардың ата-аналары мен мектеп ұжымындағы 100-ден аса ұстазға өз пайдасын әкелуде.

«Жан жылуы» жобасын жүзеге асыру үшін: мектеп психологы, суретшісі, ата-аналар мен мектеп қамқоршылық кеңесі, жоғарғы сынып оқушыларынан барлығы  10 адамнан тұратын белсенді топ өз жұмысын атқарып, үлесін қосты. Басты  мақсатымыз - оқушылар мен ата-аналардың, ұстаздар ұжымының психологиялық денсаулығын сақтау үшін заман талабына сай жабдықталған кабиет жұмысын ұйымдастыру болатын. Осы орайда Түпқараған аудандық білім бөлімі басшысы Өтесбаева Айбаршын мен  мектеп директоры Берішбаева Айна ханымдардың жоба жұмысына танытқан қолдауларын ерекше атап өткіміз келеді.

Бөлінген қаражатқа 71,5 м2 және 16,2 м2 аумақтағы 2 бөлме жабдықталды. Психология ілімінің негізін қалаушылардың бірі - З.Фрейд, сонымен қатар Шәкәрім, Ж.Аймауытов сынды қазақ ағартушыларының портреттері және қанатты сөздерімен  кабинет қабырғасы безендірілді. Жұмыс барысында «Тренинг алаңы», демалу, ойнау, тынығуға «Релакс» зонасы, «Жердегі уақыт», «Ерекше балалар уақыты» үшін арнайы жабдықталған аймақ пен жеке жұмысқа арналған «Сұхбат алаңы» жасалды. Сонымен қатар, оқушылардың моторикалық түзету-дамыту жұмыстары үшін түрлі дидактикалық, ой дамыту ойындары мен құралдары алынды.

Қазіргі күні «COVID – 19» індеті салдарынан туындаған жағдайға байланысты осы кабинетке келіп, психологиялық көмек алушылар саны күн санап артуда. Өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар, ата-аналар мен оқушылар, ерекше балалармен жұмыс жүрігізіліп отыр. Сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінің ұсынысымен – «Жан жылуы» кабинеті өңірдегі барша мектеп, балабақша психологтары мен дефектологтары келіп, тәжірибе алмасып, жұмыс атқаратын ресурс орталығына  айналды.


 

 Милана Елеусинова

Жоба жетекшісі, Есбол Өмірбаев мектебінің психологы, «Қолдау» ЖММ директоры

Поделиться страницей: