Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

21 желтоқсан 2017 ж.

Жан мен тәннің емі – би

Балерке Күнбаева – 2017 жылғы «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жеңімпазы. Ол Құлсары қаласындағы би мектебі мен фитнес орталықты басқарады.

Байқаудың пайызсыз қарызының қаржысына Балерке фитнес орталыққа  жаттығу құрылғыларын сатып алып, Алматы қаласында күретамыр қысымының гипертензиясы, гипотониясы, варикоз, артық салмақты, қалқанша безінің ауруларымен, қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған қауіпсіз фитнестен және пайдалы тамақтану, пилатес, аэробика, йога және фитнестің қазіргі заманғы түрлері бойынша оқудан өтті.

Аяғы ауыр әйелдің эмоциялық жағдайы құрсақтағы сәбиге ықпалын тигізеді. Сондықтан, болашақ ананың тыныш және сабыр ортада жүргені дұрыс.

Әлия – төрт баланы жалғыз тәрбиелеп жүрген Құлсарының тұрғыны. Әлия отбасылық өмірінің қиын болғандығын мойындайды. Ауыр өткен жүктілік пен үй ішіндегі шиеленістер балаларына әсерін тигізген болар. Гүлжан есімді  қызы сөйлемейтін, тұйық болып өсті. Балаларының тыныштығы үшін Әлия жұбайымен ажырасып, өмірін жаңадан бастауды ұйғарды.

Жергілікті дәрігерлер 5 жасар Гүлжанның аутизмге шалдыққанын күдіктенген еді. Нақтысын анықтау үшін Әлия қызын Астанаға алып барды. Астаналық дәрігерлер диагнозды растамады. Психологтар баланың қорқынышы мен депрессиясын байқап, әлеуметтік дағдыларын дамыту үшін оны би немесе басқа балаларға арналған үйірмеге апаруға кеңес берді.

Құлсарыға қайтып келісімен Әлия Балеркеге жүгінді. Гүлжан би мектебі мен ансамбльге  емтиханысыз қабылданды. Бастапқы уақытта қыз бала бөтен ортаға үйрене алмай жүрді. Балерке  баланы ұрыспай, мәжбүрлемей түсіністікпен қарады. Жақын уақытта сабақтар нәтиже берді: Гүлжан биді ұнатты, тіптен сөйлеп бастады. Қазір 8 жастағы бала 2 сыныпқа барады және «Ұшар» би мектебінің биіне қатысады.

Психологтар баланы сауықтыру үшін бимен айналысуды кеңес бергенінің себебі бар. Би – баланың психикасына жақсы әсер етеді, сезімі мен эмоциясын білдіруге көмектеседі, өз-өзіне сенімділікті қалыптастырады.

Гүлжан толығымен жазылды деп айтуға әлі ерте. Дегенмен, Әлияның баласының болашағына сенімі күшейді. 3 жыл бұрын ол Гүлжанның сөйлей аларын білмеген де еді. Гүлжан өз бетімен әңгіме бастамаса да, сұрақтарға жауап береді және құрдастарымен тіл табыса алады. «Қызымның болашақта батыл және мықты адам болатынына сенемін. Балеркеге оның еңбегі мен тілектестігіне шексіз ризамын», - дейді Әлия.

Поделиться страницей: