Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

8 тамыз 2017 ж.

Жаңа мүмкіндіктер

Айгүл Мақтаубаева –2016 жылғы «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпазы . Ол жағдайы төмен отбасыдағы қыздар мен мүгедек жандарды шаштараз ісіне оқытатын «Шарға» орталығын ашты. Айгүл қаржыландыруға ие болды, біліктілікті арттыру курстарын өтті және оқу орталығына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Орталықта жас қыздар мен әйел адамдар сұлулық саласындағы 10 мамандық бойынша оқиды. Осы уақытқа дейін 80 адам оқытылып, олардың 50% жұмысқа орналасты.

Ақмарал Өркешбаева – төрт баланың анасы, жұбайы II топ мүгедегі, жұмыссыз. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасап жүрді, бірақ ол жердегі жалақысы балаларды күтуге және жұбайын емдетуге жетпейтін. Ақмарал үй-ішін бағуға және жанына жағымды болатын жұмыс жасауды қалады.

«Менің бұрыннан шаштараз ісімен айналысқым келген. Біздің қалада оқу орталығының ашылғанын естігенімде, бірден курстарға жазылдым», - дейді Ақмарал.

2016 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін Ақмарал орталықта шаштараз ісі мен визажды оқыды. Оқу аяқталғаннан кейін Күлсары қаласындағы сұлулық салондарының біріне шаштаразшы және визажист болып жұмысқа кірді. Сонымен қатар, «Шарға» орталығында визаж курстарын жүргізеді.

«Бұл жұмыс отбасымды күтуге және жұбайымды емдеуге мүмкіндік беруімен қатар, маған қуаныш әкеледі және қанағаттандырады», - дейді Ақмарал.

«Жарқыра» бағдарламасының шеңберінде орталықтың негізін салушысымен бірге Ақмарал Алматы қаласындағы «Прогресс» оқу орталығында біліктілікті арттыру курстарын өтті.  Бағдарламаның қолдаумен «Кәсіби визаж», оқу орталығының қолдауымен «Қастар коррекциясы» және өз қаражатына «Шаш сәндері» курстарын меңгерді.

Алматыдағы оқу Ақмаралға өз ісінің маманы болуына көмектесті.

Сұлулық салонындағы тәжірибесіне және Алматыдағы курстардың арқасында Ақмарал «Шарға» оқу орталығының жетекші оқытушыларының бірі болып табылады. Оның оқушыларының 60% жұмысқа орналасқан. Айгүл Ақмаралдың Күлсарыдағы белгілі визажист болатынына сенімді.

Поделиться страницей: