Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

8 тамыз 2017 ж.

Төрт аяқты дәрігер

Нұрлан Шегиров –2016 ж.  «Жарқыра» бағдарламасының жеңімпазы. Ол Күлсары қаласында Атпен қыдырту және сауықтыру орталығын ашты. Орталықтың мақсаты – балалар мен ересектерді оңалту және сауықтыру.

Нұрлан Жылыой ауданының Тұрғызба ауылында көп жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келді.  2016 ж. Нұрлан өз өмірін өзгертуді ұйғарып, қоғамға пайдалы істі бастауды шешті.  Сол жылы Нұрлан Мәскеу қаласындағы оқуға барып, аттардың көмегімен емдеудің иппотерапия деп аталатынын білді. «Жарқыра» бағдарламасының көмегімен иппотерапияға қажет арнайы құрал-жабдықты сатып алды және невропатолог дәрігермен келісім-шартқа отырды.  Жаңа серіктестер тауып, «Жүрек жылыуы» қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт жасады.  Олардың көмегімен иппотерапияны қажет ететін балаларды тауып, оларға көрсетілетін оңалту қызметтерін толықтырады. Ауған соғысының Күлсарыдағы ардагерлерімен бірге жастарды патриоттық тәрбиелеу саласында жұмыс жасауды ұйғарып, балаларды бәйгелерге дайындауда және әскери дайындықтың негіздерін үйретуде. Сонымен қатар, Нұрлан иппотерапияға арналған ғимарат пен жерді инвестиция ретінде тарта алды. 

Қазақ халқының мәдениетінде жылқылар әрқашан құрметті орынды алатын. Жылқы – қатынас құралы да, асыраушы да, иесінің досы да. Қазақтар жылқымен қарым-қатынас жан мен тәнді айықтыратынына да сенетін. Жылқымен әрекеттестіктің адамға оң ықпал ететіні ежелден белгілі. Гиппократтың өзі «ауырған адамдар атпен қыдырса тез емделеді», - деп айтқан.

Қазіргі кезде салт жүріс емдеу тәсілі ретінде көптеген елдерде мойындалған және физиологиялық және психологиялық ауруларды емдеуде үлкен сұранысқа ие.

Күлсары қаласының тұрғыны Гүлмира иппотерапияның пайдасы туралы көп еститін. Ол – балалар милық салдануы (ДЦП) диагнозы қойылған жеті жасар Анельдің анасы. Гүлмира қызын Атырау мен Алматы қалаларына емдетуге апарып, дәрі-дәрмек пен арнайы жаттықтыру құрылдарын сатып алып тұрады.

2016 жылы Гүлмира Күлсары қаласында ДЦП диагнозы қойылған балалармен де жұмыс жасайтын атпен қыдыру клубының ашылғаны туралы естіді. Гульмира қызымен бірге «Мейір Нұр» клубының алғашқы клиенттерінің бірі болды. Олар бірнеше ай бойы атпен қыдыру клубына келіп жүрді. Кішкентай Анельдің денсаулығындағы өзгерістер де байқала басталды.

 «Бірінші рет атқа отырғанда Анель қорыққан жоқ. Атты бірден ұнатты, онымен байланыс орната алды. Бірінші сабақтардан кейін-ақ көңіл-күйі жақсарып, айналаға қызығушылық білдіре бастады.  Қазір Анель өз бетімен қадам басып, үйде жаттықтыру құралдарымен жұмыс жасайды. Бұл – ДЦП диагнозы қойылған бала үшін өте елеулі және маңызды нәтиже. Біздің қалада иппотерапиямен айналысуға болатын орыннның пайда болғанына өте қуаныштымын» - дейді Гүлмира.

Гүлмираның Әли есімді ұлы да осы клубтың тұрақты келушісі. Гүлмираның айтуынша, бұрын Әли бос уақытын тек компьютерде өткізіп, аз қимылдайтын. Соның салдарынан бала артық салмақ жинай бастады. Атпен қыдыру орталығы Әлидің өмір салтын өзгертті. Ол көбірек қозғалып, таза ауада жиі жүретін болды. Гүлмираның айтуынша, Әли айтарлықтай салмақ тастады. Ол енді баласының артық салмақ мәселесіне тап болмайтынына үміттенеді.

«Балаларға атпен серуендеген қатты ұнайды. Мен де жақсы нәтиже көріп тұрмын. Бастысы жолға көп ақша мен уақыт бөліп, алысқа барудың қажеті жоқ. Әр жерде клуб туралы айтып жүремін, клубқа баруға кеңес беремін. Балаларыммен бірге өзім клубқа баруды жалғастырамын», - дейді Гүлмира. 

 

 

Поделиться страницей: