Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

2 қыркүйек 2019 ж.

Тек қана алға!

Төрт жыл бұрын «Всплеск» шығармашылық студиясына кішкентай ғана ұяң бір қыз келді. Ол өте ұялшақ еді, өз бетімен ешқандай бастама көтермейтін. Ал қазір оны тану мүмкін емес! Саша Махорина - №17 лицей-гимназиясының 7 сынып оқушысы.

Ол «Всплеск» студиясының театралдық тобында, ал өткен жылдан бастап жасөспірімдер клубында шығармашылықпен айналысады. «Қазір менің өмірімде қолымнан келмейтін дүние жоқ», - дейді Саша. Ол мәнерлеп оқу бойынша байқауларға қатысады, студия жанындағы вокалдық топтың мүшесі. Вокалдық топ өнер көрсететін қалалық масштабтағы концерттерді ұйымдастыруға көмектеседі. Басқа балалармен бірігіп әндерге бейнебаяндар, өлеңдердің мелодекламациясын түсіреді. Ол мектепте, студияда және қалалық концерттерде осымен үш рет жүргізуші болды. Өткен жылы балалар «Алмалы KZ» халықаралық өнер байқауына қатысып, «Шағын топтардағы театр және вокал» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленді.

«Біздің клубтағы балалармен достығымыз өте берік. Барлық мерекелерді бірге өткіземіз. Бізге сан түрлі мамандықты игерген қызықты адамдар, психологтар келеді. Біз еркін тілдесеміз, өзімізді мазалаған сауалдарымызды қоямыз. Бірге табиғат аясында демаламыз, демалысымызды үнемі аумақты тазалаудан бастаймыз. Біздің клуб – біздің дарындарымыз танылатын және бізді жақсы көретін мекен.

Өмірімде студия мен клуб пайда болғанға дейін ол туралы ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Мектепте жақсы оқыдым. Жаняұда тәртіпті кенже қыз болдым. «Менің өмірім» атты шытырман оқиғаның басты кейіпкері болуды тіпті армандаған жоқпын!

Мен үшін әрқашан қолдайтын әрі көмекке келуге даяр өз командамның, адамдарымның, тылымның болуы маңызды. Маған өмірге белсенді қатысу, өзімді толғандыратын жайттармен бөлісу маңызды. Және алатын жауаптарымның жанды және шынайы екенін білгенді қалаймын», - дейді Саша. 

Жоба Сашаны өзіне сенімдірек болуға көмектесті, алдына нақты мақсаттар қоюға үйретті. Ол өзінің шығармашылық әлеуетін ашты және әлі де дамытып келеді.

Жасөспірімдер клубы мен шығармашылық студиясын ашу идеясы клубтың жетекшісі Марина Канцеваға тиесілі. Аталмыш идея оған балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығындағы жұмыс барысында келген.

«Біз әріптестерімізбен сабақтан соң балалардың тарқағысы келмей, жай ғана әңгімелесетін сылтау іздейтінін байқадық. Ал кейін олар сабақтан кейін қалып, тілдесіп, бір нәрсені талқылап, бізге көмектесу туралы қалауларын тікелей білдірді. Біз солай жасадық, себебі балалар өздерін тыңдайтын құлаққа, өз ойларын білдіру құқығына зәру екендігін сезіндік, себебі сындарлы диалогтар арқылы дербес шешім іздеу өз-өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі», - дейді Марина Канцева.

Шығармашылық студиясында музыка-театралдық топтар, вокал сабақтары, хореография, бейнелеу өнері сабақтары бар. Орталықтағы жасөспірімдер клубының орны ерекше - мұнда балалар әлеуметтік роликтер түсіреді, олардың бас кейіпкерлері қиын өмірлік мәселелерді шешу арқылы тығырықтан жол табады. Сондай-ақ балалар қала мен облыстың қалыптасқан тұлғаларымен кездеседі, қаладағы қайырымдылық концерттер мен әлеуметтік жобаларға атсалысады.

Келешекте студияның басшылары жағдайы төмен отбасылардың балаларына фотосурет, монтаж негіздері сынды шығармашылық қызметпен байланысты кейбір мамандықтардың қыр-сырын үйрететін оқыту орталығын ашуды көздейді.

Поделиться страницей: