Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
2 қыркүйек 2019 ж.
Тағдырдың ең қымбат сыйы
Сәби сүю Айгүлдің көптен бергі арманы еді. 2018 жылдың көктемінде өзінің жүктілігі туралы білгенде ол шексіз қуаныш пен үрей сезімін қатар басынан өткерді, себебі ол оның тұңғыш босануы болатын.
«Ең алдымен мен ғаламтордан ақпарат іздедім: дәрігерлер мен тәжірибелі аналардың кеңестерін қарадым. Осылайша менің аналық өмірге дайындық жолым басталды», - дейді Айгүл.
Алғашқы триместр Айгүлге оңай тиген жоқ. Бастапқы кезеңде-ақ түсік тастау қаупімен ауруханаға жатқызылады, бақытына орай бәрі орнына келіп, бір аптадан соң оны үйіне жібереді. Дәл бір ай өткенде ол қатты тұмауратып ауруханаға қайта жатқызылды.
«Мұның барлығы менің эмоционалдық күйіме әсер етті – менде босануға қорқыныш пайда болды. Сонда менің түсінгенім, ғаламтордан алынған теориялық білім жеткіліксіз екен. Бағыма қарай қалада саналы босануға дайындық Орталығы ашылғалы жатқанын білдім», - деп Айгүл өз оқиғасын баяндады.
Құрбыларының әңгімелері мен ғаламтордағы оқиғалардан соң пайда болған үрейлерін жеңу үшін ол курсқа келді. Жас келіншек сабақтарға қатысып, дәрігерлердің кеңестерін орындады, соның нәтижесінде дені сау баланы аман-есен өмірге әкелді.
«Менің «Бақытты ана» орталығына алғысым шексіз. Ең бастысы босану кезінде мен өзімді қалай ұстау керектігін түсіндім. Бұл расында дайындықты талап етеді екен. Шыны керек, курсқа қатысқаннан кейін менде күш-жігер пайда болып, қанаттандым... Бастапқыдағы қиындығына қарамастан бұл мінсіз жүктілік болды. Орталықтың арқасында мен бұл жолдан мүдірмей өттім және тағдырдың ең үлкен сыйымен кездестім!», - дейді Айгүл.
«Бақытты ана» босануға дайындық орталығы әйелдерге әр отбасының өміріндегі ең атаулы оқиға – баланың өмірге келуіне дайындалуға көмектесу мақсатында құрылған. Жүктілік мерзімін бақыт пен ғажайып күйде, қорқыныш пен үрейсіз өткізуге көмектеседі. Орталықтың жетекшісі Татьяна Цимерман екі баланың анасы ретінде әйелдердің босану алдындағы қорқыныштарын жақсы түсінеді.
Орталық 2016 жылы ашылған, алайда айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі мен тұрақты ғимараттың жоқтығы салдарынан жұмысты уақытша тоқтатуға тура келген болатын. 2018 жылы Татьяна «Жарқыра» байқауының жеңімпазы атанып, пайызсыз қарыз алды. Аталған қаражатқа ол құрал-жабдықтар сатып алды, тағылымдамадан өтті, нәтижесінде орталықтың есігі болашақ аналар үшін қайта ашылды.
Татьяна денеге бағытталған психология бойынша жаңа бағдарламалар енгізуді, сонымен қатар жасанды түсіктің санын азайту мақсатында жасөспірім жастағы қыздардың арасында қалаусыз жүктіліктің профилактикасы бойынша мектептерде сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.
«Болашақ ата-аналарға айтқым келеді: жүктілікті жоспарлау, ал босану үрдісіне бірге дайындалу керек! Дұрыс психологиялық бағдар, босану үрдісін білу, серіктеспен және дәрігерлермен командалық жұмыс оң нәтиже – дені сау баланың өмірге келуіне септігін тигізетініне сенімдімін», - деп атап өтті Татьяна.