Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

27 қараша 2017 ж.

Таңдау құқығы әркімде бар

Евгения (Степногорск қ.) өзінің балалық шағын жаман сценарий бойынша жазылған деп есептейтін. "Мұқтаж отбасы" - біздің отбасымызға тағылған айдар болды", - дейді Евгения. "Біз анам екеуміз ғана тұрамыз. Әкем өмірден өткен соң, ұзақ жылдар бойы мен қолайсыз жағдайда өмір сүрдім, анамды өте қатты жақсы көрсем де (мұны тек қазір түсініп отырмын), тек жәбірлеу мен түсініспеушілікке тап болдым." Евгения үйде жиі жалғыз қалатын, сыныптастарымен қарым-қатынасы нашар болды. Мектептен соң үйіне қайтқысы келмейтін, оның орнына далада жүргенді дұрыс көретін. Мектептегі ұстаздары көмек қолын созғанда басындағы жағдайдың бүкіл мектепке жайылып кетуінен қорқып, Евгения көмектен бас тартумен болды.

Оксана Волкова-Михальская ("ЗУБР" ӘКҚ Степногорск қ. үйлестірушісі) Евгениямен алғаш кездескенде, қандай мәселелерге тап болғанын баяндайды: "Бұл жағдайды ұзақ уақыт бойы "орнынан жылжыта" алмадық, себебі Евгенияның анасының көптеген инстанцияларға барып, бірқатар мәселелерді өз бетінше шешуі қажет болатын, алайда ол кісінің "қолы тимеді". Ал бұл уақытта анасының тарапынан күнделікті психологиялық қысымға ұшыраған бала алшақтай берді."

Бір күні Евгения білім алатын мектептің әлеуметтік қызметкері анасы екеуіне көмек бере алатын мамандар тобы туралы айтады - бұл қыз үшін алғашқы қадам болды. Евгения анасын мамандармен кездесуге көндіреді. "Бұл қайырымды жандар бізбен кездесіп, анама біздің басымызға түсетін мәселелер туралы емес, біз өмірімізді жақсарту үшін пайдалана алатын мүмкіндіктер жайлы айтып берді. Анам екеумізге асыраушысынан айырылу бойынша қандай жәрдемақылар алуға болатыны, психологиялық диагностикадан қалай өтеміз, тағы қандай мамандардың бізге көмек бере алатындығы турасында түсіндірді. Анам менімен бірге бұл көмекті қабылдауға келіскенде қуанышым қойныма сыймады!"

Интеграцияланған әлеуметтік көмек бойынша топ Евгения мен оның анасына тұрақты түрде кәсіби психологиялық және заңдық қолдау көрсетіп, нәтижесінде отбасының дағдарысты жағдайдан шығуына септігін тигізді. Топ "ЗУБР" ӘКҚ-ның бастамасы бойынша құрылған және Әлеуметтік қорғау, Білім беру, Денсаулық сақтау және Құқық қорғау департаменттерінің өкілдерінің басын біріктіреді. Мақсат - қиын өмірлік жағдайда қалған адамға көмек көрсетудің жаңа тәсілін байқап көру: күш біріктіру, қысқа мерзімде, ең тиімді әдістермен.

Қазіргі таңда Женя мектепте тегін тамақтанады, анасы жұмыссыздық бойынша есепке тұрды және бүгінде қайта квалификациялау курстарынан өтуде. "Светлана мен Евгенияның болашағы алда, маңыздысы, олар енді жақсы жолдың да бар екенін біледі", - дейді Оксана. "Демек, олардың таңдау құқықтары бар".

"Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында "ЗУБР" Қоры жүзеге асырып жатқан жоба бойынша Астана, Алматы ққ. және Қазақстанның 5 облысында әр түрлі сала мамандарының басын біріктіретін (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау) 13 ведомствоаралық команда құрылды. Аталған жұмыс АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып жатқан "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында мүмкін болды. Қор Қазақстан және Тәжікстан ҮЕҰларына әлеуметтік қызметтер көрсетуді жақсарту, қоғамдық саясат пен заңнаманы жетілдіру арқылы азаматтық белсенділікті жақсарту мақсатында гранттар тағайындайды. 

Поделиться страницей: