Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

21 желтоқсан 2017 ж.

«Супер келін» отбасын сақтайды

Ол - нағыз ананың, келіннің және ененің үлгісі. Қазақтың дәстүрлерін сақтап өскен Ардақ Төреқұлова отбасылық бақыт пен берекені бәрінен артық бағалайды. Соңғы уақыттарда Ардақ жас отбасылардағы күйзелістерді – ерте неке мен ажырасулар, жастардың балаларға деген жауапсыздығын жиі байқайтын болды. Сол кезде Ардақ жас келіндерге қолдау көрсету туралы ойлана бастады.

Балаларын аяққа тұрғызып, Ардақ өз ісін бастауды ұйғарады. Ол Құлсарыдағы жеміс-жидектерді, көкеністерді консервілеп, қайта өңдейтін алғашқы цехті ашты. Нарықтың сұраныстарын зерттеп, Ардақ жартылай фабрикаттар мен қамыр өнімдерін өндіруді қолға алуға шешім қабылдады. Осымен бірге жас қыздар мен тұрмыстағы әйелдерге қолдау көрсету идеясы пайда болды.

2017 жылы Ардақ «Жарқыра» байқауына «Супер келін» жобасымен қатысты. Жоба қарапайым оқыту курстары ретінде көрінуі мүмкін. Алайда, Ардақ жас отбасылар мен келіндерді қолдап, көмек беруді негізге алды: «Мен қыздарға қамыр илеуді үйретемін. Себебі, қамыр – біздің ұлттық тағамымыздың негізі. Келіндердің, әсіресе батыс келіндерінің міндеттері көп екендігі белгілі. Жас келіндерге тұрмысын реттеуге дағдылары, ал отбасылық өмірде шыдамдылық жете бермейді.  Енелерге де, келіндерге де дәмді тағам пісіріп үйрену ешқашан кеш емес екенін көрсеткім келеді. Тек қана ниет болса болды».

Курстағы қыздар тек қана қамыр илеуді үйреніп қоймай, бір-бірінен кеңес алып, көмек көрсетеді. Ардақ «келіндер клубын» ұйымдастырды десе болады: мұнда қыздар ойларын білдіріп, қолдау табады. Қыздармен араласып, оларды байқап жүріп Ардақ  отбасыдағы көптеген мәселелердің себептерін көрді.

Ардаққа әр түрлі отбасылық мәселелермен жас әйелдер келеді. Олар психологтан көрі, таныс әрі парасатты жанға мәселелерімен келгенді жөн санайтын болар. Ардақ бәріне көмектесіп, кеңес беруге тырысады. Дегенмен, обасылар кейде бөлініп жатады. Мұндай жағдайда әйел адамдарға, әсіресе басқа аймақтан келген әйелдерге қиыншылық түседі.

Ардақ осы жазда жұбайына 3 баласын қалдырып, кіші қызымен үйінен кеткен жас әйелді мысалға келтіреді. Туыстары алыста тұрғандықтан, Маржан Ардаққа көмек сұрап келген. Жағдайын  түсінген Ардақ жас әйелді үйіне алып, оған консервілеуді уйретеді. Кейін әйелдің жұбайымен сөйлесіп қайтады. «Жұбайының туыстарының отбасы өміріне араласқандығынан олар айырылысып кеткен. Мұндай жағдай жйі болып тұрады. Маржанның барар жері болмады, балаларын да тастағысы келмеді. Мен бірнеше рет олармен кездестім, сөйлестім. Олар қайта тіл табысты. Маржан кіші баласымен отыр, жұмыс жасамайды. Сондықтан, Маржанды тапсырыс көп болғанда жұмысқа шақырамын», - дейді Ардақ.

Құлсарыда жас отбасыларды қолдау орталығы жоқ. Ардақ «Супер келін» жобасының болашақта отбасыға, әйелдерге және қыздарға қиын жағдайда қолдау көрсететін орталыққа айналады деп сенеді.  

«Қыздармен бала кездерінен жұмыс жасап, отбасылық өмірге дайындау керек. Кейбір жас әйелдер зорлық-зомбылыққа тап болып жатады.  Жаңа туған сәбилерін тастап, өзіне қол жұмсаудың себебі де осы деп ойлаймын. Менің 12 жастағы қызым бар. Ана ретінде барлық жас қыздарды жазмыштан қорғап қалғым келеді. Отбасылық құндылықты дәріптеп, ұлдарға да, қыздарға да дұрыс тәрбие беру көптеген мәселелердің алдын алар еді», - деп Ардақ өз ойымен бөлісті.

 

Поделиться страницей: