Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

8 тамыз 2017 ж.

Шын жүректен

Салима Сарбалина – Жылыой аудандық емханасының дәрігер-кардиологы. Салима өмір бойы терапевт-дәрігер болып жұмыс жасап келді. Ауданда мамандардың жетіспеушілігінен төрт жыл бұрын  мамандығын кардиолог-дәрігерге ауыстырды. Дәрігер емханада арнайы медициналық аппараттардың болмауынан, жүрек ауруларына шалдыққан емделушілерге диагноз қою қиындығымен тап болады. Сондықтан, оларды Атырауға қаралуға жіберіп отыруға мәжбүр болды.

Салима Күлсарыға кардиологиялық медициналық кабинеттің қажеттілігі туралы бұрыннан ойланып жүрді. Бірақ ойын жүзеге асыруға жеткілікті қаражаты болмады, ал несие немесе мемлекеттік субсидия алуға қорқынышпен қарайтын.

Салиманың  жобасын жүзеге асыруға мүмкіндігі 2016 жылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың «Жарқыра» бағдарламасына қатысқанында пайда болды. Салиманың «Мейірім» жүрек-қан тамырлары жүйесінің медициналық енсіз диагностикалық кабинеті» жобасы, басқа 25 жобамен қатар байқаудың екінші айналымына өтті. Бағдарламаға қатыса отырып, ол мамандардың кеңесін алды, бизнес-жоспарын дайындады және бизнес потенциалды күшейтуге бағытталған тренингтерге қатысты.

«Мен бұрын қатысқан тренингтер, форумдар, кездесулер тек қана медициналық саланы қамтитын. Бағдарламада  мен қаржы, есептеулер, маркетинг және сатылымдар туралы білдім. Асқар секербаев пен Ғалым Жукупбаевты ерекше атап өткім келеді. Осы адамдардың арқасында жобаны қалай жүзеге асыратыным туралы түсінік пайда болды. Ғалым өте көп жақсы идеялар берді. Сұрақтарым немесе қиындықтар пайда болса, Асқарға телефон соғамын, ол үнемі маған көмек көрсетеді », - дейді Салима.

Байқауда жеңіске жеткеннен кейін, «Жарқыра» бағдарламасының қаржыландыруымен Салима Астанаға біліктілігін арттыру курстарына барды. Үш ай бойы «Астана медициналық университетінде» «Функционалды диагностика» мамандығы бойынша қайта дайындау курстарында білім алды. Курстарға Салима үлкен жауапкершілікпен қарады. Сабақтардың жарты күнге есептелгеніне қарамастан, Салима толық күнге қалып, басқа дәрігерлермен ақылдасу мүмкіндігін жібермеуге тырысты. Оқулар Қалалық аурухана, Мемлекеттік медициналық емхана, Республикалық диагностикалық орталық, ІІМ госпиталінде, Кардиохирургиялық орталық базаларында өтті. Орталықтардың бәрі шетелдік өндірушілердің  заманауи медициналық аппараттарымен жабдықталған.

«Біліктілікті арттыру курстарында «Холтер» және «СМАД» аппараттарының қажеттілігін тағы сезіндім. Бұрын атыраулық дәрігерлердің емделушілеріме жасаған қорытындыларын толықтай түсіне бермейтінмін. Қазір бұл қорытындыларды жақсы түсінемін және өзім де аппараттармен жұмыс жасауға дайынмын», - дейді Салима.

Біліктілікті арттыру курстарынан кейін Салима жабдықтарды сатып алуды бастады. Курстардың арқасында қандай аппараттардың қажет екенін түсінді, бірақ өндіруші мен жеткізушілерді таңдауда қателескісі келмеді. Атырау қаласындағы «Кардиомед» емханасының кардиолог-дәрігерінің кеңесімен орнату, үйрету және сүйемелдеу бойынша толық қызмет түрлерін көрсететін жеткізушіні таңдады.

Салима функционалды диагностика бойынша емтиханды жақсы тапсырып, сертификатқа ие болды. Медициналық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін лицензияны алуға құжаттарын өткізіп, қаланың орталығында орналасқан кабинетті дайындап қойды. Келесі қадам – аппараттарды орнату – 2017 жылдың ақпан айына жоспарланған. Осыдан кейін Салима кабинетін ашып, емделушілеріне өздігінен диагностика жүргізе алады.

Салима әлеуметтік кәіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі пайда болғанына өте қуанышты: «Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесімен де, беделімен де жеке кәсіпкерден анағұрлым жоғары тұрады. Осындай бағдарламаның, оны жүзеге асырып отырған ұйымдардың және адамдардың болғанына рахмет».

Біз Салиманың игілікті бастамасына табыс тілейміз!

Поделиться страницей: