Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
2 қыркүйек 2019 ж.
Шекарасыз спорт
18 жасар Аружан Зейниятова - қимыл-тірек аппаратында ақауы бар 3 топтағы мүгедек. Шағын елді мекенде тұратын ол әрқашан адамдармен көбірек араласуды, қызықты іспен айналысуды, өз хоббиі болуын қалайтын. Алайда Махамбет ауданында бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік көп емес, ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл тіпті қиын.
2014 жылы мүгедектерге арналған «Ержүректілер» спорттық клубының негізін қалаушы Мұхадия Аружанды тоғызқұмалақ ойынымен айналысуға шақырды. Ойнауды білмеген Аружан уақытты көңілді өткізермін деген оймен келісім береді. Алайда ойын қатты ұнап қалғандықтан ол тоғызқұмалақпен бар ынта-жігерімен айналыса бастайды. Аружанның еңбекқорлығы мен табандылығы оны көп ұзатпай жетістікке жеткізді: 2017 жылы ол Республикалық спартакиадада 2 орынды иеленіп, спорт шеберлігіне кандидат дәрежесін алды.
Мұхадия Қуангереев пен Гүлден Өтебалиева – Махамбет ауданында тұратын ерлі–зайыптылар. Мұхадия – 2 топтағы мүгедек. Мүгедектігі пайда болғаннан кейін ол Атыраудағы мүгедектерге арналған спорттық клубта тұрақты түрде спортпен айналысқан. Спортпен шұғылдану оның денсаулық жағдайын біршама жақсартты. Махамбет ауданында мүмкіндігі шектеулі мыңға жуық адам өмір сүреді, олар да спорттық жаттығуларға мұқтаж. Бірақ Атырауға дейінгі жол көп уақытты талап етеді және оңай емес.
2007 жылы Мұхадия мен Гүлден Махамбет ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бір кабинетінде өз клубын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Мұнда үстел теннисі, шахмат, дойбы мен тоғызқұмалақтан сабақтар өткізіле бастады.
2018 жылы олар «Жарқыра» байқауынан 1 360 000 тг көлеміндегі грант ұтып алған болатын. Бұл қаражатқа клубтың негізін қалаушылар ғимаратты жалға алып, жөндеу жұмысын жүргізді, үстел теннисіне арналған робот, дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сатып алды, сондай-ақ Алматы қаласында тағылымдама мен оқудан өтті. Клубқа айына бүкіл ауданнан 40-45 балалар мен үлкендер барады. Ендігі жоспарда - клубта мүгедектігі бар жандарды оңалтуға арналған жаттығу залы мен массаж кабинетін ашу.
«Маған «Ержүректілер» клубында жаттыққан өте ұнайды. Мұнда мен жаңа достар мен таныстар таптым. Біз уақытты жайлы өткіземіз әрі әңгімелесеміз. Қазір клубтың жаңа ғимаратта орналасқаны мені қатты қуантады, мұндай жаттығуға орын көп. Маған тоғызқұмалақ ойыны ұнайды және спорт шеберлігіне кандидат дәрежесін алғаныма бақыттымын. Ол үшін Мұхадия ағаға үлкен алғысымды білдіремін», - дейді Аружан.