Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

24 шілде 2024 ж.

Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.

3 қыркүйек 2019 ж.

Сеніммен алға қадам бас!

Кішкентай Тілепберген ақылды, бейқам әрі бақытты бала боп өсті. Барлық балалар сынды айналасын танып жүрген ойын баласы болатын. 4 жасында балабақшада жазатайым оқиға орын алып, балақай белінен төмен сал болып қалды. Енді ол өз бетінше жүре алмайтын еді. Бұл оқиғадан соң бүкіл отбасының өмірі өзгерді.

Анасы Айнұр ұлын аяққа тұрғызу үшін барын салады. Түбінде емдеу нәтиже беріп, жүйке жүйесі қалпына келді. Алайда бала аяғын басуға қорқатын. Көп ұзамай ата-анасы тағы бір мәселеге тап болды: алты жасар Тілепбергенді мектепке қабылдамады.

Айнұр Ақтаудағы бірнеше дамыту орталықтарына барғанымен, қолдау тапқан жоқ. Бірде ол ұлын «Өркен» оқыту орталығына алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып жабдықталмағанына қарамастан баланы орталыққа қабылдайды. Орталықта педагогтердің консилиумы өткізіліп, Тілепбергенге арнайы бағдарлама жасалып шығарылды. Баланың мінезін ескере отырып, оқытушы таңдалды.

Бастапқыда балаға қиын болды. Ол өзін жайсыз сезініп, балалармен сөйлеспейтін, үнемі көз жасына ерік беретін. Айнұр тіпті ұлымен бірге сабақтарға қатысатын. Дегенмен күн санап бала өзгере бастайды. Сабаққа өз бетінше баратын болды. Қолдардың ұсақ моторикасына көп уақыт бөлінді.

«Бір айдан соң Тілепберген оны қолда көтермеуімізді және қолынан ұстамауымызды сұрады. Сыныпқа ешкімнің көмегінсіз өзім кіремін деген шешім қабылдады. Балалармен достасты. Орталыққа әр жолы қуана-қуана баратын. Ең бастысы, оның жүруге және тілдесуге ықыласы ашылды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, біз өте бақыттымыз», - дейді Айнұр. Тілепбергеннің жетістіктері мен ерік-жігеріне «Өркен» оқыту орталығының бүкіл ұжымы бірге қуануда.

«Өркен» оқыту орталығы 2016 ж. Ақтау қаласында ашылды. Мұнда жылына 170 пен 200 аралығындағы бала білім алады. Орталықта қазақ тіліндегі дамытуға арналған ойындар мен кітаптар шығарылады, инклюзивті оқыту бағдарламасы жасалып, енгізілді. 2019 ж. Айбала «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жеңімпазы атанып, кәсіби тағылымда түріндегі қолдауға ие болды. Ол Мәскеудегі ІV Халықаралық Балалар клубтары конференциясына қатысты. Бұл сапар оған орталықты дамыту жөніндегі жоспарларын жүзеге асыруға және сапар барысында білген үздік тәжірибелерді қолдануға көмектеседі. Орталықтың мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, денсаулықты нығайтуға, атап айтқанда, балалардың көру қабілетін жақсартуға арналған инклюзивті кеңістік ашу  жоспары бар.

Поделиться страницей: