Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

27 ақпан 2015 ж.

Мың қадамға жол алғашқы қадамнан басталады

«Әр адам әдемі аулаға ие болғысы келеді, бірақ сіздердің араларыңызда кім сенбіліктерде балалар алаңқайын бояды, көгалдарды машинасының тұрағы ретінде ешқашан пайдаланбады, терезеге темекі қалдықтарын тастамады? Көмекті басқа планеталықтан күтеміз бе?Өз үйіңіздің жанындағы аулаға сенбілік жасау үшін шығып тұрыңыз, 2 ай ішінде аулаңызды өзіңіз бен балаларыңыз үшін көгалдандырыңыз!» Осындай хабарламаны Атырау қаласында №64 үйдің тұрғындары бір күні таңертең көрді. Хабарламаны «Терезедегі күн шуағы» жобасының бастамашыл тобы дайындаған. Оның құрастырылу идеясы бір кездері Ирина Горбаченкованы да нұрландырған болатын. Бес жыл бұрын ол Мәскеуден Атырауға келді. Оның пәтерінінің терезесінен аула көрінісі оны қатты көңілін түсірген болатын.

Орталық Азияныңң Еуразия Қорының «Тенгизшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асатын «Қоғамдық демалыс орындары» жобасы туралы естіп, Ирина арманға қол жеткізуге болатынын түсінді. Ол бастамашыл топты жинап, байқауға қатысуға өтініш жіберіп, жеңіп шықты. Шағын жоба мен қосымша инвестициялар – 120 мың тг., оларды белсенділер өздері тапты, қарапайым аулада нағыз шағын ертегіні жасауға барды.    

«Біздің аула ескі дөңгелектерге салынған гүлдер,өзіміз қолдан жасаған саңырауқұлақтар, гномдар, қызыл қоңыздар арқасында гүлденген баққа айналды», - дейді Ирина Горбаченко, «Терезедегі күн шуағы» жобасының жетекшісі.

«Терезедегі күн шуағы» шағын жобасы көптеген адамдарды өзінің ниетімен жылытты. Ауланы көгалдандыруға кәсіпкерлер, еріктілер, ЖМПК қатысты.

«Біз оларға су арналарып жүрізіп, крандар орнатып бердік. Бәрін өзіңіз орындай аласыз, таңертең ерте шығып, гүлдерге су құя аласыз. Бұның бәрі өз еңбегіңнің нәтижесі екендігін сезіну үлкен қуаныш», - деп атап өтті КСК "Восток" ЖМПК өкілі Валерий Хан:

Ең бастысы, жоба идеясы үй тұрғындары сай келді. Бір мақсат – ауланы жақсарту – зейнеткерлер мен балаларды біріктірді.

"Мұнда көп нәрсе өзгерді.Біз көмектестік, гүлдерге қарадық, су тасыдық, суғардық. Ары қарай отырғызылған барлық заттарға күтім жасаймыз», - деп аула жастары уәде береді.

Жобаның басты ұйымдастырушылары ауланың сыртқы көрінісіндегі өзгерістермен қатар адамдардың көңіл-күйінде, оларды қоршаған ортаға деген қатынасында өзгерістер орын алды деп үміттенеді. Бұның барлығы махаббатпен, мейіріммен және ең бастысы, адамдардың өз күшімен жасалды.

Поделиться страницей: