Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

15 қаңтар 2018 ж.

Отбасымның берекесі кірді

Шалтыков Руслан: "Үлкен ұлым 15 жаста. Соңғы екі жылда екеуміздің ара-қатынасымыз түбегейлі бұзылды, ол мені әке ретінде қабылдаудан қалды. Бұл өте ауыр. Жағдайды өзгертуге тырысқаныммен, айтарлықтай нәтижелі болмады. Негізгі мәселе өзімде екенін сездім, ал ата-аналар тобында бұған нық көзім жетті. Бұрын тәрбиелеу мақсатында физикалық жазаларды да қолдануға баратынмын..."

Қазақстанда USAID-тың  "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасы бойынша "Әйел көшбасшылығының қоры" ҚҚ ("TEENS: сапалы және қолжетімді көмек") мектептер базасында тегін консультациялық көмек көрсететін мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасын апробациядан өткізуде. Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге "ата-аналар тобы" әдістемесі бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады. Аталған әдістеме ДССҰ бойынша жасөспірімдер арасындағы суицидтің бастапқы ошағы болып табылатын отбасылардағы үйлесімді қарым-қатынастарды реттеуге септігін тигізеді.

"Ата-аналардың өзін-өзі балаларымен қалай ұстау керектігі жайлы көптеген ұсыныстар алдым және оларды іс жүзінде пайдалануға тырысамын. Әрине балам екеуміздің қарым-қатынасымыз бір дегеннен жақсара бастаған жоқ, алайда жақсы жағына қарай өзгерістің барын байқап келемін. Ата-аналар тобында мен өз бетінше табу оңайға соқпайтын аса құнды әрі пайдалы ақпаратқа қол жеткіздім. Аталған тренингтен өткен соң, тәрбие мәселесіне қатысты өзіме деген сенімділігім арта түсті. Алған білімді тәжірибеде пайдаланып, оның іске асатындығына көз жеткіздім. Қарапайым дүниелер күш пен қысым қолданусыз-ақ жүзеге асады! Жоғалта бастаған ұлыммен қарым-қатынасымды қайта ұалпына келтірдім. Ата-аналар тобына келмегенімде, оқиғаның қалай өрбуі мүмкін екенін елестетудің өзі қорқынышты. Жүргізушілерге де, ұйымдастырушыларға да үлкен алғыс білдіргім келеді, сіздердің арқаларыңызда отбасымның берекесі қайта кірді".

Апробация мен түзету кезеңдерінен кейін жоба шеңберінде құрастырылған бағдарлама бекіту және әрі қарайғы ендіру үшін Білім және ғылым министрлігіне бағытталды.

 

Поделиться страницей: