Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

28 наурыз 2016 ж.

Келісілген уақытта - келісілген жерде!

Құрық ауылында қоғамдық көліктер жоқ, сондықтан облыс орталығы – Ақтауға барамын десеңіз, айтарлықтай қиыншылықтарға тап боласыз. Ауыл тұрғындарының саны артып жатқанына қарамастан бұл мәселені шешу әлі күнге дейінқолға алынбаған. Ауылдың он шақты тұрғыны өз көліктерімен облыс орталығына жолаушыларды жеткізіп тұратын, бірақ олардың тұрақты уақыты мен күндері болмады, сондықтан  Ақтауға барғысы келетін тұрғындар осы он жүргізушінің әрқайсысына кезек-кезек хабарласып, бос орын іздеулеріне тура келетін.

Ағайынды Азановтардың «Такси қызметін» ашу туралы идеясы көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл бизнес-идея іске асқан жағдайда, тұрғындардың бір жерден екінші жерге қатынауы мәселесі шешіліп, көлік іздеуге деген уақыттарын үнемдеп, тәулік бойы такси қызметіне жүгінулеріне жол ашылатын еді. Бірақ бизнесті ашу үшін арнайы білім мен кәсіпкерлік дағдылар қажет болды, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін алғашқы қаражаттың жоқтығы белгілі болды.

2013 жылы Орталық Азияның Еуразия Қоры ERSAI Caspian Contractor Company LLC  қолдауымен «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы жүзеге аса бастады. Жобаға қосылған ағайынды Азановтар жетістікке жетудің құпиялары, қауіптерді минимизациялауды үйренді, маркетингтің қыр-сырымен танысып, зерттеу мен сараптау жүргізу дағдыларын меңгерді, сондай-ақ өз бизнес-жобаларын бастауға, тиімді жүзеге асыруға, оны тұрақтандыруға қажетті білім жинақтады.

Орталық Азияның Еуразия Қорының ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен ұйымдастырған бизнес-тренингтердің арқасында ағайынды Азановтар кәсіпкерлік саласындағы білімдерін толықтырып қана қоймай, бизнес-жоспарды тиімді де сапалы құрастыруды үйренді. Нәтижесінде, 2014 жылы  ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қайтарымсыз гранттарының бірін жеңіп алды. Жеңіп алынған қаражат такси қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті офис жабдықтарын сатып алуға жұмсалды.

Бүгінде такси қызметін қолданушылардың саны күн санап артып келеді, сәйкесінше таксопарктің де кеңеюіне, өз қызметін жеьілдіре түсуіне негіз бар. Бастапқыда құрылған бизнес-жоспарға сәйкес бір диспетчер мен жеке көлігі бар екі жүргізушіні жұмысқа алу жоспарланған болатын, бірақ екі көлік барлық тұрғындардың сұраныстарын өтей алмайтындығы анықталды. Осылайша, бүгінде такси қызметінде 4 диспетчер, 6 жүргізуші жұмыс істейді.  Сондай-ақ, автопарктің жеке меншігіндегі жеңіл көлік саны 4-еуге жетті, сәйкесінше 4 жүргізуші жұмысқа алынып, жеке көлігі бар 2 ауыл тұрғыны тартылды.

«Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы балама жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықтың бизнес-бастамаларын қолдауға арналған. Жоба аясында 60 адам кәсіпкерлік негіздерінен сабақ алып, ауылда өзекті 120 бизнес-бастама алға тартылған болатын. 24 адам бизнес жоспарларын құрастырып, ERSAI Caspian Contractor Company LLC компаниясының қайтарымсыз шағын гранттар сайысына қатысты.  Жоба аясында ағымдағы бизнесті кеңейтуге және жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған 8 шағын грант өз иелерін тапты. 8 гранттың жалпы сомасы 7 364 142 теңгені құрады.

Поделиться страницей: