Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

3 қыркүйек 2019 ж.

Өмірге қайта қанат қағу

Айгерім (32 жаста) берекелі жаняұда дүниеге келген. Орта медициналық білім алып, 2012 жылы тұрмысқа шыққан. Алайда отбасылық өмірі ойдағыдай болмады: күйеуі жиі ішімдік ішетін, орынсыз ашуланып, жиі қол көтеретінді шығарған.

 «Өмірім қорқынышты түске айналды: ол күн сайын дерлік мені оқуым мен жұмысыма жібермес үшін батареяға шынжырлап, жалғыз тастап кететін» - дейді Айгерім.Осындай жағдайда бес жыл тұрған соң, ата-анасының «ұят болады» дегеніне қарамай, ақыры екі баласымен кетуге шешім қабылдайды. «Кезекті ұрып-соғудан кейін жарақаттанған күйімде полицияға бардым. Мені судмедэкспертизаға жіберді. Кезегімді күтіп отырғанда полиция қызметкеріне оқиғамды баяндап бердім. Қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтар туралы маған сол кісі айтып берді», - дейді Айгерім.

 «РАЙ» әлеуметтік жедел көмек көрсету орталығы 2013 ж. ашылып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға баспана беретін алғашқы дағдарыс орталығы ретінде жұмыс жасауда. Орталыққа жалпы 715 адам жүгінген, соның ішінде 91 әйел мен 177 бала уақытша пана тапты, 30 адам жұмысқа орналасты, 43 адам жаңа мамандық алды, 20 бала білім беру мекемелеріне орналастырылды. Орталықтың директоры Райхан Бекманова «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауында жеңіске жетіп, алынған қаражатқа жартылай дайын өнімдерді жасайтын құрал-жабдықтар сатып алып, цехтің жұмысын ұйымдастырды. Цехтің ашылуы орталықтың тұрақтылығын күшейтіп, оны демеушілердің қаржыландыруына тәуелділігін азайтады және әйелдерге өздерін және балаларын бағу үшін ақша табуға мүмкіндік береді.

Айгерім де бастапқыда орталыққа жүгінетін өзге әйелдер секілді тұйық, агрессивті болатын. Оған психологиялық және заңдық қолдау көрсетілді. Оған әлеуметтік жәрдемақылар мен балаларының әкесінен алимент алуға көмек көрсетілді. Орталықтағы әйелдер балаларын балабақшаға қалдырып, жұмысқа шығатындарын көрген соң, Айгерім де табыс көзін іздей бастайды. Орталық тұсында жартылай дайын өнімдерді шығаратын цех ашылғаннан кейін, кішкентай балаларын қалдырмай, жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болды.

 «Менің жұмысым дағдарыс орталығының өзінде, мұнда жанымдағы келіншек екеуміз тұшпара мен үй лағманын дайындаймыз. Бүгінде өз бетімше табыс табамын және балаларымды қамтамасыз ететін мүмкіндігім бар. Маған көрсетілген көмектің арқасында, мен енді – өмірге құштар, үміті пен күш-қуаты мол жанмын! Адам көмек, пана және жұмыс таба алатын осындай орталыққа рахмет»  - деп атап өтті Айгерім.

Поделиться страницей: