Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

3 қыркүйек 2019 ж.

Өмірді өзгертетін спорт

Сегіз жасар Есен өзінің көптеген құрдастары секілді бала кезінен көзілдірік тағады. Ата-анасы оны спорттық үйірмеге бергенге дейін мұның ешқандай кедергісі болған жоқ.

Әкесі ұлын бокс, самбо немесе каратеге бергісі келді, ал ұлының денсаулығына, бірінші кезекте көру қабілеті үшін алаңдаған анасы оған қарсы болады. «Ұлым жекпе-жектің қандай түрімен айналысса да мен бір нәрсені жақсы ұқтым – жарақаттардың болуы заңды. Дегенмен оның ұл ретінде өз-өзін қорғай алғанын да қаладым», - деп Есеннің анасы еске алады.

Ұзаққа созылған пікірталастар мен интернетен іздеудің нәтижесінде ата-анасы барлығының көңілінен шығатын спорт түрін тапты. Ол капоэйро – акробатика элементтерін, жекпе-жек техникаларын қамтитын және, ең бастысы, жанаспайтын бразилиялық жекпе-жек түрі.

«Ұлымыздың капоэйрамен айналысып жүргеніне жарты жыл болды, нәтижесін көріп келеміз. Сабақта барлық бұлшықет топтары жаттығады, бұл ағзаны жалпы шынықтыруға септігін тигізеді. Сондықтан ұлымыздың денсаулығы нығайып, физикалық тұрғыда күшейді. Сонымен қатар достық қарым-қатынастағы жаттығулар позитивті эмоцияларды арттырады. Көз дәрігеріне соңғы рет барғанымызда ол көру қабілетінің де жақсарғанын растады», - дейді Есеннің анасы.

Жаттығулар 2016 жылы іске қосылған Маңғыстау облысының Капоэйра федерациясында өтеді. Мұнда сондай-ақ акробатика, трекинг, паркур, брейк-данс, бразилиялық джиу-джитсу бөлімдері бар. Жылына шамамен 90 бала жаттығады. Федерация шәкірттері Қазақстанның ашық жарыстарында және халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді. Федерацияның ең басты артықшылықтарының бірі – спортқа әлсіз, көру қабілеті нашар және аз қамтылған отбасылардың балаларын тартуы.

2018 ж. Федерацияның директоры Ержан Сәрсенов «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жеңімпазы атанды. Байқаудың нәтижесінде алынған қаражатқа Ержан спорттық құрал-жабдықтар, соның қатарында жаттығулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жабдықтар сатып алды.

«Балалар – біздің болашағымыз және 15-20 жылдан соң еліміздің қандай болатыны бірінші кезекте соларға байланысты. Сондықтан спорт жаттықтырушысы ретіндегі менің борышым өз еліне қызмет ететін, физикалық және рухани мықты ұрпақты өсіріп-жетілдіру», - дейді Ержан Сәрсенов.   

Поделиться страницей: