Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

28 наурыз 2016 ж.

Сүйікті ісім - табыс көзі!

Айнұр Кулибаева Құрық ауылының тумасы, тұрмысқа шыққаннан кейін Құрықтан 70 км қашықтықтағы Жетібай елді-мекеніне қоныс аударады. Көптеген әйелдер сияқты Айнұр да жергілікті дәстүрге сай үйде жұмыссыз отырады, күндердің бір күнінде жұмыс істеймін деп ойламады да. 12 жыл бойы еш өзгерістер болған жоқ. 2013 жылдың басында өз туған ауылында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба бастау алатынын естігенде, қатысамын деп шешім қабылдайды. Бұл жоба оған өзіне деген сенімін арттырып, тәуелсіз болуға үйретті. Айнұр өз отбасының қолдауына, қоғамдық танымалдылыққа ие болып қана қоймай, отбасының табысына да айтарлықтай үлес қосатын болды.  

Айнұр қолөнер шеберлік сабақтарының белсенді қатысушысына айналды. Ұсталар қазақ ұлттық қолөнерін бірінен соң бірін кешенді үйретті: киіз басу, кесте тігу.  Тренингтерге қатысушардың ойынша, бұл қолөнер сабақтары өнерді қайта жандандырып қана қоймай, әйелдердің мүмкіншілктері мен құқықтарын арттыруға септігін тигізді. Әсіресе тек үй шаруасымен айналысатын әйелдер үшін өз таланттарын ашуға, дағдыларын жетілдіруге тамаша мүмкіндік болды.

Қолөнер сабақтарынан кейін Айнұр киізден әртүрлі өнімдер жасай алатын дәрежеге жетті. Оның қолдан жасаған заттарының арасында кебіс, шарф, жеңсіз жейделер, ойыншықтар, шағын көрпешелер, қабырға панельдері, бас киімдер, сөмкелер, жастықтар, жастық тыстары және әшекей-бұйымдар кездеседі.  

 

"Киізден жасалынған өнімдер - жергілкті нарықта жаңашылдық, сондықтан ерекше. Менің шеберханамды кеңейтуге мүмкіндік туды. Менің қолдан жасаған өнімдерім жақсы сұранысқа ие, арнайы тапсырыс бойынша да жұмыс істеймін. Менің бизнесім халық арасында танымал екеніне қуаныштымын."

"Аудандардың облыс орталығынан алшақ орналасуына байланысты көптеген мүмкіндіктерге қолымыз жетпей қалады. ЕРСАЙ компаниясының қолдауымен жүргізіліп жатқан жоба арқасында қолөнердің жаңа бағыттарын игеру , сондай-ақ маркетингтің қыр-сыры, клиенттерге қызмет көрсету сияқты т.б. да қажетті дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік алдық. Осы сынды жобалар біз сияқты ауылды жерде тұратын әйелдер үшін өте маңызы. Бүгінгі күні әрбір әйел жұмысқа орналаса алады, өз бизнесін аша алады."

"Мен өз бизнесімді ауылдағы жұмыссыз әйелдерді жұмысқа алу үшін аштым, оларға да мүмкіндік бергім келді."

 

2014 жылы ол киіз басу шеберханасын ашу бизнес-жоспарын құрастырып, ДАМУ-дың қаржыландыру сайысына қатысты. Айнұр 3 000 000 теңге көлемінде грант ұтып алып, жүн өңдеу, тарау құрылғыларын және тігін машиналарын сатып алған болатын.

 Ал 2015 жылы Айнұр шикізат сатып алуға БҰҰДБ-нан 1 500 000 теңге көлемінде пайызсыз несие жеңіп алды. Айнұр шеберхана ашып, ауылдың 5 тұрғынын (ішінде оралман әйелдер де бар) жұмысқа алды. Олар бірлесіп, киізден кебістер мен сырт киімдер жасап шығарады. 

Айнұр жергілікті және аймақтық жәрмеңкелерге белсене қатысып тұрады. Сонымен қатар, киіз өнімдерін шығару бизнесі үшін Манғыстау облысының сауда-өнеркәсіп палатасымен мойындалып, арнайы марапатқа ие болды.  Бүгінде жергілікті әкімшілк билік өкілдерінің де қолдауына ие болып отыр.

2015 жылдың соңында Айнұр Ақтау қаласындағы бизнес-инкубаторда  өз дүкенін ашқан болатын, Актаудың халықаралық әуежайында тағы біреуін ашуды жоспарлап отыр. Айнұр қолөнер тренингтеріне бірге қатысқан басқа қатысушыларды, ауыл тұрғындарын өз жұмыс тобына қосылуға шақырады, олардың да өнімдерін өз дүкенінде орналастыруға қуана келісетіндігін айтады. 

Поделиться страницей: