Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
3 қыркүйек 2019 ж.
Мүмкін емес нәрсе жоқ
Рафаэль Абдуллаев 22 жаста, бала кезінен балалардың сал ауруына шалдыққан. Рафаэль 14 жасынан бастап «Луара» Қоғамдық қоры Ақтау және Маңғыстау облысында өткізетін мүгедектігі бар балаларға арналған жыл сайынғы инклюзивті шығармашылық фестиваліне қатысып келеді. Рафаэль байқауға «Вокал» номинациясы бойынша қатысып, анасына және өмірге деген махаббатқа толы әндер айтып жүрді.
Ал бимен айналысу біршама қиынға соқты. Біріншіден, қоғамдық орындарда мүгедектер арбасымен баспалдақпен көтерілу қиын, кейде тіпті мүмкін емес еді. Екіншіден, биге арнайы мамандандырылған, ыңғайлы маневрлі мүгедек арбасы қажет. Алайда қорда оларды алуға қаражат болған жоқ.
2018 жылы «Луара» ҚҚ директоры Асырова Лаура «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауына «Инклюзивті мәдени-демалыс кешені» атты жобасымен қатысты. Жобаны сәтті қорғап, Лаура байқаудың грантын ұтып алу арқылы инклюзивті жағажай мен би студиясын жетілдіруге мүмкіндік алған болатын. 2019 жылдың жазында ол Тәжірибелік психология және психоанализ институтының (Мәскеу, РФ) би-қозғалыс психотерапиясы бойынша «Негізгі өмірлік тақырыптар» атты кіріспе курсынан өтті.
Қуанышты хабардан қанаттанған Рафаэль мен өзге де балалар романтикалық хореографиялық қойылым жасап шығарады. Сатып алынған мобилді пандустар би студиясына кіріп-шығу жолын жеңілдетті, ал арнайы «би» арбалары шығармашылық үрдісті жеңілдетті. Лаура Аралбайқызының педагогикалық дарыны мен билеуге деген құштарлықтың арқасында балалар тек денсаулықтарын нығайтып, рухтарын да көтерді. Республикалық «Қазақстан Таланттары» байқауындағы жеңіс оларға жақсылыққа сенім ұялатып, «мүмкін емес нәрсе жоқ» екеніне тағы бір көздерін жеткізді.
«Жобаға қатысуым маған жаңа достар сыйлады және өзімнің жаңа қырларымды аштым – мен батыл бола түстім! «Жарқыра» бағдарламасының аясында сатып алынған сал аурыуы диагнозына шалдыққан балалар мен ересектердің жүзуіне арналған арнайы мүгедек арбасын алғашқы болып сынауға келістім. «Луара» бейімдетілген жағажайының ашылу күні достарым мен құрметті қонақтардың қол соғуы мен жағаға соққан теңіз толқынының дыбысымен жайлы әрі ыңғайлы арбада отырған мені теңізге түсірді. Осылайша мен жүзіп кеттім!
Қазір менде жоспар көп: мен арбаға таңылған мүгедектігі бар достарыма би студиясы туралы, арнайы арбамен теңізге түсу мүмкіндігі туралы әңгімелеп, Қазақстанның өзге қалаларындағы таныстарымды Каспий теңізінің жағалауындағы қолжетімді жағажайда демалуға шақырғым келеді», - деп бөлісті Рафаэль.
Бүгінгі таңда Рафаэль тұлға ретінде өсті және ол «Қолжетімді Қазақстан» жобасының еріктісі, сондай-ақ «Мүгедектігі бар балалар мен жастарды әлеуметтік-мәдени оңалту» жобасы бойынша «Жас проджект» жастар корпусының қатысушысы, «Луара» фестивалінің ұйымдастырушысы, әділқазылар мүшесі және үйлестіруішісі.