Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

10 қараша 2017 ж.

Мемлекеттік бағдарлама суицидтің алдын-алуға көмектесуде

"Біз кейде өз өмірімізге, қоршаған ортамызға және біз үшін қымбат жандарға  қатысты ең маңызды әрі қажетті дүниелер жайлы ойлай бермейміз", дейді №6 мектеп-гимназияның ұстазы Р.Досанова. "Бұл біздің қалауымыз емес, бұл уақыттың тапшылығы және мағыналы әңгіме құруға мүмкіндіктің жоқтығынан".

Ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар арасындағы жеке қарым-қатынастарға мүмкіндіктің шектеулілігі жасөспірімдердің өмірлік сын-тегеуріндермен күресінде қосымша қолдауды қажет ететін уақытын айқындауға қиындық туғызады.

Р. Досанова ханымның айтуынша, ол қызмет атқаратын мектеп "TEENS" жобасына қосылғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерген. 2017 жылы Әйелдер көшбасшылығы қорымен іске қосылған TEENS жобасына Қазақстандағы жасөспірімдер суицидінің жоғарғы көрсеткіші арқау болды, жоба мектептер, отбасылар мен қауымдастықтардың дағдарысты жағдайдағы жеткіншектерді дер уақытында анықтаулары үшін хабардарлық  деңгейлері мен ерте араласу механизмдерін жетілдіруді мақсат етеді. Жоба жастар арасындағы суицидтің алдын-алуға арналған, оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелері арқылы қолжетімді консультативті және отбасылық бағдарламаларға негізделеді.

TEENS №6 мектеп-гимназияның  психологтары  мен мектеп кеңесшілеріне "ата-аналар тобы" аталатын жаңа әдіс арқылы оқыту жүргізді. Бұл әдіс Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымына сәйкес, жастар арасындағы суицидтің алдын-алудың алғашқы қадамы ретінде тығыз отбасылық қарым-қатынастарды насихаттайды.

Р.Досанова мен әріптестері үшін жоба тұлғалық және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер берді. Оның айтуынша,  тренингтер олардың күнделікті қарбалас мектеп тіршілігінің маңызды бөлігіне айналған. "Бұл кездесулер біз үшін ауадай қажеттілікке айналды".

"Жеке өзіме қатысты тренингтер өткізілген ай өмірімнің жаңа кезеңін айқындап берді, асыра сілтегенім емес. Мен өмірімде ешқашан өз жан-дүниеме терең үңіліп көрмеппін. Негізгі теориялық және практикалық тәжірибеге ие болған соң, ұстаз ретінде және қарапайым тұлға ретінде рухани мәселелермен бепте-бет келдім, оянғандай болдым."

Р. Досанова өзінің және әріптестерінің жаңа әдістің пайдаларын бірден көргенін айтады. "Оқушылар бұрын ешқашан айтпаған қорқыныштары мен мәселелерін бізбен бөлісуде сенімділік көрсете бастады. Және де айта кететін жайт, біз ұстаздар ұжым ретінде бір-бірімізге жақын бола түстік, бұл, әрине, жұмысымыздың тиімділігіне оң әсер етіп жатқанына мен сенімдімін".

TEENS АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің және Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Тиімді басқаруды қолдау бастамасы жобасының аясында іске асырылуда. Бастама мемлекеттік қызметтер көрсету, қоғамдық саясат және заңнамаларды жақсартуға бақытталған Қазақстан және Тәжікстан ҮЕҰ-ларының тиімді басқаруды жетілдіру бастамаларына гранттар тағайындайды.

 

 

Поделиться страницей: