Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

21 желтоқсан 2017 ж.

Кішкентай жұлдыздар

Балалар - бұл кішкентай жұлдыздар, тек дер кезінде жаға білуіміз керек. Әрбір бала талантты. Баланың бойындағы талантын байқап, аша білу маңызды. "Таңсәрі" балалар мюзик-шоу театрының басты идеяларының бірі де осы.

"Біздің мақсатымыз сахна әртістері мен шоу-бизнес жұлдыздарын тәрбиелеу емес. Бұл таңдауды балалар өздері жасайды, - дейді Шарбат Бисалиева. - Шығармашылыққа ден қойған, тіл табысу мен достасуға бейімделген балалардың болашақта кез-келген салада жетістікке жететіндігіне кәміл сенеміз. Біз балаларды көрерменнен жатырқамауға, аудиторияның назарын ұстай білуге, өзінің әні, биі, сөйлеген сөзі арқылы ойын жеткізе білуге үйретеміз."

Балаларға арналған мюзик-шоу театрының ашылуын Шарбат өзінің бала арманымен байланыстырады. Бұрын құрдастарымен, достарымен бірге аулада, үйде, мектепте, университетте, тіпті жұмыс істеп жүріп концерт ұйымдастырғанда Шарбат өзінің жеке шығармашылық ұжымы туралы армандайтын. Ол өз балаларын әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық орталықтарына апарып жүріп, баланың кешенді түрде вокал, хореография, актерлік шеберлік сабақтарын алу арқылы біртұтас шығармашылық бағдарлама бойынша дамуына арналған орынның тиімділігін түсінген.

"Таңсәрі" театрының тарихы 2003 жылы басталды. Ол Алматыда табысты дамып келе жатқан, белгілі театр болатын. Шарбат 2016 жылы театрды барлық сценарий, бағдарламаларын алып Атырауға көшіреді. Енді міне, екі жыл бойына "Таңсәрі" балаларды шығармашылық атмосферасында тәрбиелеп, оларды тек ән айту, би билеу, сахнаға шығу, сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнауға ғана емес, сонымен қатар әлемді сүюге, бауырмалдыққа, өз ойларын тиянақты әрі әдемі жеткізуге баулып келеді. Бүгінде театр үйірмелерінде 70 бала шұғылданады, олардың төртеуі жетім балалар. Интернат-үйінің түлектері театрға тегін қатысады. Үйірмелер кестесі балалар бірнеше шығармашылық бағыттарды таңдап, бірінен соң біріне қатыса алатындай жасалған. Бұл ата-аналарға өте ыңғайлы - баланы бірнеше сағатқа қалдыруға болады. Ал сабақтар бірыңғай бағдарлама бойынша дайындалып, бірін-бірі толықтырып отырады.

Театр үлкен халықаралық сахналарда да жетістіктерге жетуде. Жақында жас әнші Санат Асуат Македониядағы "Звездички-2017" Халықаралық музыкалық фестивалінде бас жүлдеге ие болды, ол Қазақстанды осы жылы мамыр айында Атырау қаласында "Таңсәрі" мюзик-шоу театры ұйымдастырған «ALMALY.KZ-2017» Халықаралық балалар өнер фестивалінің атынан таныстырған болатын. Санатты Ресей және Мальтадағы халықаралық фестивалдерге шақырды. Кішкентай әнші қыз алғашқы жеке концертіне дайындық үстінде. Оның авторлық әні қараша айында қазақстандық рейтингтің көшін бастады. 12 жасар әнші үшін бұл өте жақсы көрсеткіштер.

"Таңсәрі" мектебінде білім алатын балалардың ашылып, бойларында сенімділіктің қалыптаса бастауын, ортамен байланысқа оңай шығып, көрермен алдында батыл өнер көрсетулерін, жаңа достар тауып, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізулерін көру мен үшін бір бақыт", - дейді Шарбат. 

Поделиться страницей: