Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

13 қаңтар 2021 ж.

Көрікті әсем - саябақ

Достар, таныс болыңыздар, бұл – Бақыт, Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Тұрғызба ауылының тұрғыны. Бақыт - осыдан бірнеше жыл бұрын бір топ жалынды жастарға бас болып, мектеп жанындағы алаңға ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастаманың түпкі мақсаты – осы алаңды жастардың бас қосып, ауыл тұрғындарының демалатын саябағына айналдыру еді. Ауыл жастарының бұл арманы  «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы аясында іске асты.


 

«Ауданымызда биыл іске асырылып жатқан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы шеңберінде біздің көптен күткен арманымыз орындалды. Жобаның жалпы идеясы ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, қолдауға ие болды. Елде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан жобаға қатысуға бел будық. Біз ұсынған «Көрікті  әсем саябақ» ауыл саябағы шағын жобасы қаржыландыруға ие болып, жобаны іске асыруға ауылдың 60 жуық жанашыр азаматтарынан ынталы топ құрылды. Олар ауа-райының ыстығы мен суығына қарамай, жобаның жоспарлы уақытында іске қосылуына белсене ат салысты. Жанашыр азаматтардың ұйымшылдығы арқасында жоба жұмысын мерзімнен бұрын аяқтадық.

Жоба барысында 240 м2 алаңда ауыл тұрғындары мен қонақтары арналған жайлы демалыс орны пайда болды. Саябақта серуендеу және демалу үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Атап айтқанда: арнайы техникалар көмегімен алаң тегістелді, айнала темір қоршау орнатылды, тас жол мен кеспе тастар төселді,  қосымша жаңа ағаш көшеттері отырғызылды, түнгі жарық шамдары мен орындықтар қойылды. Жарық шамдарын орнату жұмысы - ауыл әкімінің орынбасары Сламғали Досқалиевтің көмегімен іске асты. Қауымдастық үлесінен саябақтың орталық кіре беріс қақпасы мен атауы жазылған маңдайшасы орнатылды.

Өз қолымызбен тұрғызылған бұл саябақ - ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгерді!» - Запенов Бақыт Амантайұлы, «Көрікті  әсем саябақ» шағын-жоба жетекшісі.


 

Поделиться страницей: