Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

3 қыркүйек 2019 ж.

Қимылдаған қыр асар

12 жасар Мансұр орташа ауырлық деңгейіндегі сал ауруына шалдыққан. Ол жақсы сөйлейді, барлығын түсінеді, алайда жүрмейді. Ата-анасы оны елдегі түрлі оңалту орталықтарына тасыды, дегенмен тұрақты үзілістердің әсерінен тиянақты нәтиже болған жоқ. Бірнеше аптаға созылған оңалтудан кейін Мансұр Атырауға оралатын да, келесі жолы барлығын басынан бастауға тура келетін.

2018 жылы Атырауда «Сенім» спорттық-оңалту орталығы ашылды, енді Мансұр аптасына 5 күн жаттығуғабарады. Орталықтың негізін қалаушы Ілияс Үсенов студенттік жылдары омыртқасын зақымдап, мүгедектікке шалдыққан. Дәрігерлер оның қайта жүріп кетпейтінін айтқан. Алайда оның отбасының сағы сынбады. Ілияс оңалтуға басқа қалаға барып, арнайы жаттығу құрылғыларының көмегімен жаттығу жасады және оның жағдайы жақсарды. Біртіндеп ол аяқтарын сезе бастады және жүріс арбасының көмегімен алғашқы қадамдарын да жасай бастаған болатын.

Алайда үнемі басқа қалаға барып-келу өте ауыр әрі шығыны көп еді. Сонда Ілияс өз идеясын жүзеге асыруға шешім қабылдайды. 2017 жылы ол несие алуға талпынып көреді, алайда кепілге қоятын мүліктің болмауы себепті банк несие беруден бас тартқан. Сөйтіп 2018 ж. Ілияс «Жарқыра» байқауына қатысып, ақтық кезеңге өтеді. Жобаның қаражатына ол Талдықорғанда авторлық әдіспен жасалған тренажерлар сатып алды, Астанада тағылымдамадан өтті, сондай-ақ әкімдіктен Нұрсая шағын ауданында тегін ғимарат алды.

Қазіргі таңда орталықта 15 тренажер, ЕДТ бойынша 2 нұсқаушы бар. Алғашқы жұмыс айында орталық арбаға танылған 5 адамға тегін жаттыудан өтуге көмектесті.

«Бұл орталықты біз көптен күттік. Нұсқаушылар біздің баламызбен жеке айналысады. Барлығын көрсетіп, түсіндіреді. Біз жұбайымыз бен баламызға ыңғайлы уақытты таңдап алдық. Мансұр орталықтағы сабақтарын күнде асыға күтеді. Оған Ілияс өте ұнайды. Себебі ол шабыттандыра алады және бәрін үміт сыйлайды»,- дейді баланың анасы Анар.

Мансұрдың жетістіктері де бар: ол еңбектейді және диванға өз бетінше шыға алады. Анардың ойынша орталықтағы атмосфера мен ұжымның балаға деген ықыласы да қолайлы ықпал етуде.

«Біз жұбайымыз екеуміз өте ризамыз: қолжетімді баға, білікті нұсқаушылар, орналасқан орны мен уақыты қолайлы. Бастысы – баланың көңілі тоқ және нәтижелерін көріп жатырмыз. Біздің Ілиясқа алғысымыз шексіз, осы маңызды ісінде үлкен жетістіктер тілейміз!»

Поделиться страницей: