Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін
Вера с детьми

26 ақпан 2015 ж.

Енді мен өмір сүремін

«Паспортың бар болса ғана адамсың» 

Бұл нақыл сөз дәл маған арналғандай…

Биылғы күз ерекше болды. Күн ерекше жарқырайды, мен бүгін  жеке басымды куәландыратын  куәлігімді алдым. Мұнда таңғалатын еш нәрсе жоқ, әр адам 16 жасқа толғанда, ҚР азаматты ретінде жеке куәлік алады. Ал мен 31 жасқа толғанымда алғаш рет алып отырмын.

Бұған дейін мен бұл өмірде жоқ  болатынмын. Мен ешқашан сайлауға қатыспадым, жұмысқа тұра алмадым, тіркеле алмадым, үш баланы өмірге әкеліп, олардың туу туралы куәлігін ала алмадым. Кейінірек оларды балабақшаға, сосын мектепке орналыстыра алмадым.

Егер біздің Қайнар-Бұлақ ауылына Өркен қорының  қызметкерлері келмегенде, менің өмірім ары қарай қалай болатынын  елестетудің өзі мен үшін қиын. Ұйым басшысымен өткен кездесуде, мен басымдағы мәселе туралы айтып бердім: бірнеше рет  сол мәселемді  шешем деп кіріскенім еш нәтиже бермегені туралы, тіпті  ақша да берсем,  жалынсам да еш шешім шықпағандығын айттым.  Сонымен қордың жетекшісі барлық  инстанцияларға менімен бірге жүріп, мәселемнің шешілуін  қадағалады. Сөйтіп біраз айлар бойы жүрудің нәтижесінде біз көрсетілген барлық  нұсқауларды орындадық.  Мен енді білдім, құжат алу үшін бірнеше қағидалар мен нұсқауларды орындау қажет, өйткені оның өзінің заңы бар, мен енді ол  заңды білемін.

Бүгінгі күнде мен барлықтарымен жеке құжатымды қалай алу жолдарымен барлық адамдармен бөлісем, өзімнің заңды толық білмегенім кедергі болғаны туралы ойлап ашуланбаймын. Негізі ашуланатындай жай болғанымен, мен: жас кезімде түрме торына жабылғанмын, ол жерден ВИЧ жұққызып алғанмын. Түрмеден шыққанымда менің үйім де, жұмысым да, мамандығым да болмаған…

Бақытыма орай, мен болашақ жарымды кездестірдім, қазір жанұям бар. Біз үш бала тәрбиелеп отырмыз, денсаулықтары жақсы. Қазір балаларыма туу куәліктерін жасатып жатырмын, содан кейін жәрдемақы алу үшін құжаттар жинаймын. Құжат жинау жолын білдім. Сонымен қатар мен қазір «Өркен» ҚҚ қызметкерімін. Жақында мені Алматы қаласына тренингке шақырды. Өмірімде бірінші рет мен самолетке билет сатып алып, Шымкенттен тыс жерге шықтым, алғаш рет Алматы қаласын көрдім. Қаланы аралап жүргенімде өз-өзіме сенбедім. Менің қорқынышым қайда кеткен?Мен білемін қорқыныш пен үрейдің қайда кеткенін: олар менің жеке куәлігімнің артына тығылып қалды. Мен Қазақстанның азаматымын. Қордағы жұмысымды мақтан тұтам. Мен өзім сияқты адамдарға көмектесуге дайынмын. ОАЕҚ мен «Өркен» менің өмірімді қалай өзгерткенін мен тек іспен көрсетемін!

Зор құрметпен, Вера.

Поделиться страницей: