Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
28 шілде 2017 ж.
«Гепатит - минус» жобасы маған «плюс» белгісімен өмір сүруге көмектесті
Елена, 32 жаста: С гепатитіне шалдыққанымды мен 2014 жылы білдім. Ауруханада қайда баруым керек, қайда емдей алады деген сұрақтар қойдым, алайда қанағаттанарлық жауап ала алмадым.
Бақытыма орай, «Куат» Қоғамдық қорының белсенділеріне кездесіп, олар маған бұл тығырықтан шығу жолы бар екенін айтып берді. Олар ЮСАИД/ОАЕҚ-ның «Гепатит – минус» жобасы бойынша жұмыс атқарып жатты. Белсенділер гепатитті емдеп, толыққанды өмір сүре алатындығыма сендірді. Ол кезде менде тегін емделуге мүмкіндік болмады, ал өз қаражатыма қымбат терапиядан өтетін қаражатым жоқ болатын. Жобаның көмегімен мен бұл дерт туралы жан-жақты кеңес алып, тегін емделіп шықтым.
Александр, 35 жаста: С гепатитімен ауыратынымды білгенде, мені тегін емдеуден бірден бас тартылды, себебі инъекционды есірткі пайдаланатын едім. Осылайша 3 жыл өтті! Көпшілік айтпақшы менің «шешілмейтін» мәселем өте оңай шешімін тапты. Таныстарым мені «Куат» Қоғамдық қорының белсенділерімен кездестірді, ал олар өз кезегінде Шығыс Қазақстанда жүргізіліп жатқан ЮСАИД/ОАЕҚ-ның «Гепатит – минус» жобасының қызметімен таныстырған болатын. Жоба белсенділерінің және олардың қызметінің арқасында ғана мен тегін емделіп шықтым. Жобаға және онда қызмет ететін жандарға үлкен алғысымды білдіремін!
«Куат» ҚҚ С гепатитіне шалдыққан жандарға көмек көрсететін қоғамдық қор құруды жоспарлауда. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау министрлігі жанынан вирусты гепатиттер мәселелері бойынша жұмыс тобын құрудың бастамашылары.
2 айдың көлемінде тағы 3 адам С гепатитінен емделуге кезекке тұрды.
Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да вирусты гепатиттермен күресуге арналған Жол картасын құруға қызығушылық білдірді.
Гепатиттер бойынша http://www.hepatit.kz/ қазақстандық сайты іске қосылды, мұнда ауыр, салдарлары өте қиын дерт туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.