Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

13 қаңтар 2021 ж.

Ертеңгі елдің тізгіні - дені сау ұрпақтың еншісінде!

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

үшеуімен болады бақытты өмір...

 Әйтеке би


 

 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Құрық ауылының № 11 орта мектебі» КММ-сі «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен  Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асыратын "Қоғамдық кеңістіктер" жобасының аясында өткізілген  «Жұмылсақ – жұдырық боламыз» атты жобалар байқауына қатысып, «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» атты шағын жоба жеңімпазы атанды. Жобаның жоспары бойынша ауыл жастары мен мектеп оқушыларына, спорттық және әскери дайындық жаттығуларына арналған спорт алаңы салынды. Бұл біздің бірігіп жасаған жұмысымыздың жемісі. Жоба - мектеп оқушылары мен ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулитын және олардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған игі істердің біріне айналды. Осындай  мүмкіндік туғызған Орталық Азияның Еуразия қорына алғысымыз шексіз!!!


 

 Жанабаева Айсулу

Жоба жетекшісі, №11 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Поделиться страницей: