Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

8 тамыз 2016 ж.

Еркіндік - шабыттандырады!

«Біздің тәжірибемізді Қазақстанның басқа қалаларында қабыл алуда.  Қостанай, Астана, Қызылордада осындай кафелер ашу туралы келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге Душанбе қаласында да «Тренинг кафе» құру туралы мәселе шешілуде».

Бабаларымыз “Көз қорқақ, қол батыр” деген еді. Қорқыныш таудай болатын, күмән да мойынға жар бермеді, бәзбіреу айнытты да, алайда... Алайда үмітке жүктеген барлық игілігімізді тәрк етерімізді түсініп, біз шешім қабылдадық. Енді міне, қазақстандықтардың Алматы қаласындағы Тренинг Кафесіне келу мүмкіндігі бар. Мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы қоғамға маңызды адамдардың инклюзиясы мен интеграциясы болып табылады. Кафе Сорос-Қазақстан қоры, ОАЕҚ, белсенділер мен еріктілердің қолдауымен жасалды.

Денсаулығында менталды ақаулығы бұзылған қыз,“Тренинг кафесінің” қызметкері Гүлнар Сағиева: «Біз мүлдем өзгердік, қарым-қатынас жасауды үйренудеміз, көптеген мәселені өзіміз шешеміз» - және бұлардың барлығы бізді жігерлендіреді»!  

«Тренинг Кафеде интернат үйінен ділдік денсаулының ақаулығы бар біздер жас адамдар жұмыс істейміз және білім алудамыз. Кафеге аспаз көмекшісі ретінде келген болатынмын. Алғашқы кездері адамдар маған күліп, психикалық ауытқуы бар екендігін сөз қылатынына қатты уайымдадым. Осы тектес қорқынышты мұнда жұмыс істеп жүрген әрқайсымыз бастан өткердік, себебі біз бұрын психикалық-неврологиялық сырқаттары бар адамдарға арналған интернат үйінің 4 қабырғасында (қандай қорқынышты естіледі) өмір сүрген едік. Біз адамдардың кафеге келіп, жағдайды бақылап, бағалап, алайда ештеңеге тапсырыс бермей ғана кететіндігі есімізде. Алайда келесі күні олар қайта оралып, біздің тағамымыздан ауыз тие бастады. Интернаттағы уақытымызда біз ешқайда шықпаппыз, қоғамдық көлікте бірде-бір рет жүрмеген екенбіз, дүкендерге ешқашан бармаған екенбіз. Біз тіпті толыққанды адамдар қоғамында өзімізді қалай ұстау керектігін білмедік, бізге біздің интернатымыздың қабырғасынан тысқары өзінің ағымымен жүріп жатқан өмірімізді елестету өте қиын болатын. Біз "Тренинг кафеге” келдік, біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Бұл біздің әрқайсымызбен бар ынтасымен жұмыс істеген психологтардың еңбегінің жемісі. Тек солар бізді өміре қандай болып табылатынымызға қарай өзімізді қабылдауды үйретті. Менің құрбым Жұлдыз алғашында  даяршы болып бастады мұндағы жұмысын, бүгінде ол  - "Тренинг кафе" әкімшісі.

Біздің досымыз Қайрат көптен күткен жаңа қамқоршы отбасын тапты. Ал Ақсәуле болса, өзінің туған жанұясын тапты. Міне бүгінгі таңда мен “Тренинг-кафе” тұшпара цехының басшысы боламын.  Біз тұшпара да, мәнті де жасаймыз. Сонымен қатар мен өзіміздегі балаларды тұшпара  мен мәнтіні дұрыс жасауға үйретемін. Мәнтінің үш түрін жасаймыз, бүгінгі таңдағы кеңінен танылған мәнтілер түрлері  «Гүлханым». Оларды көпшілігі ұнатып та үлгерді!

Өмірдің аз ғана уақыты жылжып өтті, алайда сол өмірімізде қаншама позитивті өзгерістер орын алды! Жұмысқа жиналып жатқаның қандай бақыт десеңізші! Біз көптеген жұмыстарды үйрендік: дүкендерге барып, әр түрлі сауда жасауды, халықаралық конференцияларда сөз айтуды үйрендік. Бүгінде менің көптеген күмәндарым  мен қорқыныштарым артта қалды. Бірте-бірте мен өзіме сенімділігімді сезе бастадым. Бұл қандай керемет!».

 “Тренинг кафе” бір жыл бұрын ашылған болатын, қазіргі уақытта мұнда ділдік денсаулығында ақаулығы бар шамамен 40  жас адам жұмыс істейді.

ОО "Психоаналитиктер ассоциациясы" 75 кәсіби шеберді және ділдік денсаулығында ақаулығы бар адамдармен жұмыс істейтін 40-тан астам еріктіні оқытты. "Тренинг Кафе" балаларға жүйелі түрде кафеге келе отырып, қолдау көрсеткен, сонымен қатар материалды және адами тұрғыдан жүйелі түрде көмек беретін Алматы қаласының тұрғындарының махаббатын түбегейлі жаулап алды.

Алайда біздің өзіміз жаңа істің еріктілері және құрылтайшылары болдық. "Тренинг Кафе" базасында барлық мұқтаж қарт адамдар үшін «Ақысыз түстік ас» атауымен жоба жасадық.  Кей уақыттары мен өзімде психолог рөліне кіремін,  біздің қария бенефициарларымызбен әңгіме-дүкен құрамын. Жақында ұқсас жоба Ақтау қаласында «Жаңа Серпін» Орталығының директоры Рысбеков Қайрат ол кафені ашты.

«Біз әлеуметтік желі байқауларының жеңімпазы атандық: Алматы қаласында бірінші және ҚР бойынша екінші орынға табан тіредік. Біздің командамыздың маңызды сәттіліктерінің бірі Алматы қаласының әкімінің қолдау көрсеткендігі болып табылады!

 

Анна Кудиярова

 

 

 

Поделиться страницей: