Подпишитесь на наши новости:
Табыс тарихы
другие Табыс тарихы
Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуы. "Байтақ жер"
Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!
Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы
26 ақпан 2015 ж.
Ауладағы өзгеріс
Бүгінде Гүлнәсіп апай Құлсары қаласының екінші шағын ауданындағы өз үйінің ауласына қуана шығады. Аулада – балаларға арналған таза алаңқай, ал бұрын бұл аумақ қоқысқа толы болатын. Қарапайым алаңнан демалыс орнын жасауға «Тенгизшевройл» компаниясының қаржылай қолдауымен ОАЕҚ Атырау қ. мен Атырау облысының Жылыой ауданында жүзеге асығрған «Қоғамдық демалыс орындары» жобасы ықпал етті. Жоба туралы Гүлнәсіп апай көршісінен естіген. Үй шаруасындағы әйел оған қатысып көруге шешім қабылдап, оның «Әдемі шағын аудан» шағын жобасы грант ұтып алды. Алайда белсенділерді біраз қиыншылықтар күтіп тұрды. Үйдің кейбір тұрғындары істің сәтті болатынына сенбей, балалар алаңқайы құрылысына қатысудан бас тартты.
«Тіпті осының бәрін тастап кеткім де келді, бірақ менің аналық жүрегім менің балаларым мен немерелерім үшін басталған істі аяқсыз қалдыруға жол бермеді. Себебі мен таза әрі әдемі демалыс орны туралы, жақсы балалар алаңқайы туралы армандаған болатынмын, мен бастаған ісімді ары қарай жалғастыруға шешім қабылдадым», - дейді Карина Гүлнәсіп, «Әдемі шағын аудан» жобасының жетекшісі.
Гүлнәсіп апай жұмысты бастауға бел буып, ары қарай жұмыс барысында көмекшілер табылатынына сенім білдірді. Сенімсіздік пен қатыспаушылықты үлгі көрсете отырып, жеңуге болады. Үй шаруасындағы апай сенбілік ұйымдастырды. Өзінің бастамашыл тобымен Гүлнәсіп апай ауланы қоқыстан тазартты. Күн сайын аталмыш акцияға қатысушылардың саны арта түсті. Аулану тазартуға балалар да, үлкендер де атсалысты. Жаңа ойын алаңқайы құрылысына 130-дан астам адам, соның ішінде спонсорлар да тартылды.
Табыс – жұқпалы. Ол жаңа бастамалардың туындауына себепкер болады. Осылайша, екінші шағын ауданның тұрғындары өз аулаларында тәртіп, тазалық орнатып қана қоймай, өз күштерімен подъездерде жөндеу жүргізді. Сонында, балалардың футбол аланын салу туралы жоба идеясы туындады. Әкімдік, қала тұрғындарының белсенділігін ескере отырып, осы алаңға футбол алаңын орналастыруға көмектесті.