Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

24 маусым 2022 ж.

Цифрлық сауаттылық арқылы инклюзия құру: өңірлік ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін іске асыру үшін қалай көмектесіп жатыр

Биылғы сәуірден бастап «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі цифрлық сауаттылық және SMM-менеджмент оқытатын «Профи IT» жобасын іске қосты. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорымен және «Шеврон» компаниясымен әріптестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, қоғамдық бірлестіктің мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік бастамаларды жүргізуде зор тәжірибесі бар.

Қоғамдық бірлестік алғаш рет Қостанайда 2005 жылы құрылды. Жобаны құрудың бастамашылары 10 белсенді адам болды, негізінен олардың басым көпшілігі – арбада қатынайтындар. Бұрын қатысушыларда қозғалыс бұзылысы болмаған, бірақ әртүрлі жарақаттардан кейін олар мүгедек атанды және бейімделу қиындықтарына тап болды, содан кейін олар қалада ҮЕҰ құруға көмектесті.

«Үміт-Надежда» басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар, ең алдымен, білімі және белгілі бір машықтары бар болса, қоғамға пайда әкелетін адамдар екенін көрсету және оларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту.  Егер оның білімі мен машықтары бар болса, ол жұмыс істеп, пайда әкеле алады.

«Барлық жобамыз қоғамда инклюзияны ілгерілетуге бағытталған, – дейді ұйым негізін қалаушы Аруна Жақсағулова, – Инклюзия – бұл туғаннан қартайғанға дейінгі барлық қызмет саласына қатысу. Әр адам өз қабілетін толық жүзеге асырып, пайда әкеліп, өмірден қуаныш алғысы келеді. Ал адам мүгедектікке тап болғанда, өзінің қабілетін іске асыра білу, өмір сүру, жұмыс істеу үшін оған екі есе көп күш қажет».

Ұйымның алғашқы жобасы – «Өміріміз қозғалыста» республикалық автошеруі. Автокөлікті жүргізгендердің бәрі бірлестік белсенділері – арбада қатынайтын мүгедектігі бар адамдар болды. Олар үкімет пен мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдарды белсенді өмір салты үшін автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеміз деп бүкіл Қазақстанды бес жылда аралап шықты.

Сонымен қатар, «Үміт-Надежда» «Өзіңді өзгерт – стильді бол» және «Жанымыздағы адамдар туралы» науқандарын өткізді, «Рух күші» әлеуметтік телебағдарламасының авторы болды, бұл жоба арбадағы мықты адамдарды үлгі ретінде көрсетіп, адамдарды әлеуметтік өмірге оралуға ынталандырды.

2009 жылы ұйым арбадағы билер атты өте әдемі спорт түрінің негізін қалап, тұңғыш «Би арбалары» республикалық фестивалін өткізді. Шағын аймақтық ұйымның күш-жігерінің арқасында арбадағы билер ҚР Паралимпиадалық спорт түрлерінің тізіліміне енгізілді. Содан бері бишілер әлемнің барлық халықаралық паркеттерінде өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Оған қоса, бірлестік қарамағында әлеуметтік қолдау және оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталықта әлеуметтену және демалу үшін барлық жағдай жасалған: 2 компьютерлік сынып, жаттығу залы, медицина кабинеті, тігін бөлмесі және жабдықталған ас үй бар.

Қазіргі уақытта команда QOLDA бағдарламасының шеңберінде мүгедектердің цифрлық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Жобаға қатысушылардың бірі Нұржамал Боташованың айтуынша, Профи IT бастамасы оның онлайн-сату бойынша біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді: «Маған бұл жоба үлкен мүмкіндіктер беретіні ұнайды. Бұрын қарапайым Whatsapp аккаунтын қолданатын едім, қазір оқудан кейін Instagram және Whatsapp бизнес-аккаунттарын аштым, балаларға арналған төсек-орын жабдықтарын тігемін және сатамынInstagram-да парақшаны жүргізу Youtube-ке қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, себебі қысқа сурет, бейнелер форматы бар. Бұл менің қолымнан келеді».

Бірлестік Қостанайдағы жұмыспен қамту орталығы, Қостанай әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге қызмет жасайды. Олар арқылы жақында жарақат алған, қайта куәландырудан өткен, оңалтудан өткен және жұмыс іздеп жүрген адамдар жүгінеді. Осылайша, «Үміт-Надежда» мүгедектігі бар адамдар кәсіби және әлеуметтік әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдайды жасауға тырысады және қоғамда инклюзия құндылықтарын ілгерілетеді.

Байланыс үшін:

Аруна Жақсағұлова - «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары,

«Профи IT» жобасының үйлестірушісі

тел.:  8 705 544 6992

Жания Хаирова, Qolda коммуникация менеджері

zhaniyaenu@gmail.com 

_________________________________

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

 

Поделиться страницей: