Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

21 желтоқсан 2017 ж.

Бізді баураған музыка

Музыка арбайтын сиқырлы, тартымды күшке ие. Бала кезден музыка аспаптарын үйрену мүмкіндігі бәрінде бола бермеді, қазір де барлық балаларды музыкалық мектептерге ала бермейді. Талаптар мен қабылдау емтихандары бар. Алайда, музыкалық консерваторияның 3 курс студенті Нұрсұлтан Медетов музыка аспаптарын жасына және қабілетіне қарамастан бәрі де меңгере алады деп санайды.

«Мен скрипка ойнайтын мейрамхананың келушісі менен скрипка үйретуді сұрады. Скрипканы меңгеру – оның бала кезіндегі арманы екен. Мен адамдарға «дұрыс» музыкаға – классика, джаз, халық музыкасына баурағым келеді. Себебі музыка – жанды емдеп, энергия мен күш береді. Осылайша үлкендер де, кішілер де арманына қол жеткізе алатын музыкалық мектеп ашу идеясы пайда болды», - дейді Нұрсұлтан.

2015 жылы Нұрсұлтан «Виртуоз» өнер мектебін ашты. Бастапқыда кішігірім мектепте 5 адам жұмыс жасады, оқушылар да аз болды. Келесі жылы мектеп орталыққа жақын жаңа мекемеге көшті. Қазір мектепте 20 педагог 175 балаға музыка сабақтарын беруде. Әкімшілік қызметте тағы 5 адам жұмыс жасайды. Нұрсұлтан музыка аспаптарына вокал, бейнелеу өнерін және хареографияны қосып мектептің бағыттарын кеңейтті. Аз қамтылған отбасының балалары жарты бағаға оқиды. Жылына төрт рет мектеп оқушылары қайырымдылық концерттерінде өнер көрсетеді.

Осы уақыт ішінде мектепте жаңа жұлдыздар жанды. 2017 жылдың өзінде ғана оқушылар 25 республикалық байқауларда 4 бала Гран при мегері және 15 бала лауреат атанды. Нұрсұлтанның тағы бір мақтанышы – мектептің педагогтары. Олардың арасында музыкалық оқу орындарының жас түлектері де, зейнетке шыққан тәжірибелі музыканттар да бар. Себебі мінездері мен қабілеттері әр түрлі балаларға жан-жақты педагогтар қажет.

2017 жылдың басында Нұрсұлтан ОАЕҚ ұйымдастырған «Тәлімгерлер клубы» іс-шарасында өнер көрсетуге шақырылды. Сол жерде ол әлеуметтік кәсіпкерліктің «Жарқыра» байқауы туралы біліп, байқауға қатысуды ұйғарады. Оның жобасы жеңімпаздар қатарынан көрінді. Қарыздың сомасына Нұрсұлтан музыкалық аспаптар сатып алды, би құрылғысын орнатты, кабинеттер санын көбейтті.

«Жарқыраның көмегі бұл ғана емес. Бағдарлама өткізген тренингтер, семинарлар және вебинарлар бизнесті жүргізуге деген көзқарасымды өзгертті. Байқаудың финалына және қарыз алғанға дейін бизнесті басқару әдістерін түбегейлі өзгерттім. Нәтижесінде клиенттер саны бірден өсті», - дейді Нұрсұлтан.

Нұрсұлтанның болашаққа үлкен жоспарлары бар. Оқыту бағдарламасы, қаржыны бақылау және басқару жүйелері жақсартылуда. Қызметкерлердің жұмыс сапасы көтеріліп, маркетинг стратегиясы жасалуда.

2018 жылы Нұрсұлтан Атыраудың басқа ауданында Алматы, Астана және өзге қалалардан, Ресейден шақыртылған мамандар сабақ беретін тағы бір филиал ашу жоспары бар. Басқа қалаларда да мектептің филиалдарын ашуды көздеп отыр.

Нұрсұлтан әр жастағы музыка табынушыларына концерттер ұйымдастыру үшін тағы бір шығармашылық жоба жасауда. Ол «Жанға арналған музыка» территориясы - «Music Club Virtuoso».

Поделиться страницей: