Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

21 желтоқсан 2017 ж.

Болашаққа инвестиция

Бүгінгі заман ағымында ата-аналардың басым көпшілігінің жұмыстан қолдары тимегендіктен, балалар өз бетінше жіберілуде. Ал бұл сәтті жіберіп алмай, жанында болып, баланың бойындағы ізденімпаздықты, аңғарғыш ақылды, толассыз энергияны дұрыс арнаға бұратын ең "жауапты кезең".

Үш баланың анасы Шарбатты жұмыс уақытында күнделікті біртекті сұрақтар мазалайтын: балам тамақтанды ма екен? Бүгін оны мектептен кім алып қайтады? Бес сағат қатарынан теледидар алдында жатты ма, әлде достарымен ойнауға шықса, көліктің астына түсіп қалмас па екен? Осылай күндерге күндер ұласып жатты... Дәл сол кезде ол жалақысы жоғары жұмысын тастап, ата-аналарға балалардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыруға көмектесетін жеке ісін ашуға шешім қабылдады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы Шарбат тек 2016 жылы әлеуметтік кәсіпкерлер Құрылтайында алғаш естіді. Өзінің сүйікті ісі - балаларды дамыту және оқытумен айналысу арқылы ол өзінің әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып жатқандығынан бейхабар болатын. Дәл сол Құрылтайда "Жарқыра" бағдарламасы туралы жақынырақ танысқан соң, ол өзінің жаңа жобасы - ұзартылған күнге арналған оқушылар тобын (продленка) ұсынды. Балалардың шығармашылық дамуы және оқушылардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру саласында тәжірибелі Шарбат 2017 жылы "Жарқыра" бағдарламасының қолдауымен Tansari school білім орталығында жаңа "продленка" ашты.

Бүгінде "продленкаға" тек үш ай ғана болды. Қаланың әр түрлі мектептерінің бастауыш сыныптарының 30 оқушысы топта қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуде. Tansari пролденкасында кез келген талғамға сай шығармашылық дәрістер бар - вокал, хореография, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, hand-made, ағылшын және қазақ тілі сабақтары. Орталықта балалар психологы жұмыс жасайды.

"Таңсәрі" продленкасы - біздің іздегеніміздің нақ өзі. Оқу да, шығармашылық даму да осында. Әділжан үй тапсырмаларын ұстазы Айнагүлдің көмегімен аса қызығушылықпен, сапалы орындайды. Алуан түрлі қосымша сабақтар мектеп бере алмайтын олқылықтардың орнын толтырады. Әділжанның хореография мен шығармашылық (қол еңбегі) сабақтарына қызығушылығы жоғары. Білікті ұстаздар, ілтипатты қызметкерлер, елгезек басшылық - біздің "Таңсәрі" мектебін таңдауымыздың негізгі себептері. Сіздерге тілеріміз тек табыс пен гүлдену!", - деп Орынғали Әділжанның анасы Гүлнар Достанова өз пікірін білдірді.

"Керектінің бәрін бір жерден табу өте ыңғайлы. Қаланы шарлап, баланы ары-бері тасудың қажеті жоқ, - дейді Томирис Сахуалинаның анасы Шолпан Құстанаева. - Біз "Таңсәрі" оқу орталығына алғашқылардың бірі болып келе бастадық. Ана ретінде мен үшін баламның психоэмоционалдық жағдайы бірінші кезекте тұрады. Қызымның мектепке барғысы келмегендіктен, оқуға деген талпынысын жоғалтып алудан қорықтым. Алайда "Таңсәрі" тобы оқуға махаббатын оятты, енді менің қызым ұстаздарымен қуана-қуана білім алуда. Қызымның тіпті демалыс күндері де продленкаға барғысы келеді. Ұзартылған күнге арналған топта оқу барысында Томиристің мінезі ашық-жарқын, батыл әрі тез тіл табысқыш болды".

 Балаларды және өз кәсіптерін сүйетін сегіз кәсіби педагог, тәжірибелі мамандар Tansari school продленкасында балаларды оқытуда. Осыншама қысқа мерзім ішінде атап өтетін нәтижелер баршылық. Қыркүйек айында өте тұйық, ұялшақ болып келген балалар бүгінде ашылып, құрдастарымен еркін араласа бастады, сабақ үлгерімдері бойынша нәтижелері жақсарды. Бұл Tansari ұжымын қуантып, алға қарай бағыттайтын қозғаушы күш болып табылады.

Балаларға салынған инвестиция - ата-аналардың келешекте міндетті түрде жемісін беретін ең маңызды инвестициясы. Бала тәрбиесі мен дамуына жұмсалған уақыт, энергия, махаббат пен көңіл оның, оның отбасының және жалпы қоғамның болашақтағы өсіп-өркендеуінің берік іргетасын қалайды. 

Поделиться страницей: