Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

11 мамыр 2018 ж.

Азаматтарды "көлеңкеден" қалай шығарамыз?

Жасырын мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара қатынасын қиындатады. Бұл кейде қызмет алушылардың құжат рәсімдеуде туындайтын мәселелерден қашып, мемлекеттік органдардан жасырынуына әкеліп соғады.

Бірнеше жыл бұрын пәтерді қалпына келтіру мен қайта жоспарлауға байланысты құжаттарды рәсімдеудің қиын болғандығы соншалық, азаматтардың көпшілігі бұл істе соңына жетпейтін. Кейде рәсімдеуге айлар, кейде тіпті жылдар қажет болатын. Әр жағдайдағы саны жекелей анықталатын анықтамалар, қол қоюлар мен кезектер көпке дейін естен кетпейтін. Тұрғындар үшін бұл қырын қабақты бюрократиялық рәсім болса, маман үшін - жасырын мемлекеттік қызмет.

Ақпараттық қордың "Қызметтер сапасы - қоғамдық бақылау алаңы" жобасы мемқызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Екі жыл көлемінде РЫС (АРВ) құралдарын мемлекеттік органдардың қызметіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  2017 жылы жасырын қызметтерді анықтаудың Әдістемесі жасалды. Жүйелі жұмыс барысында бірқатар мемлекеттік қызметтер анықталды және заңдастырылды, бүгінде атқарылған жұмыс өз нәтижесін көрсетіп отыр.

Аталған жетістікті тәуелсіз ақпараттық агенттіктердің алғашқы болып хабарлағанын атап өткен маңызды - Іскерлік ақпарат орталығы "Капитал", Тотал Қазақстан АА, inalmaty.kz жаңалықтар ресурсы: "Біздің пәтеріміз хрущевка, асхана өте кішкентай, жөндеу кезінде біз қабырғаны құлатып арка жасадық, ал құжаттар жайлы сұрастыра бастағанда маған мұның заңсыз және жөндеу жұмысына құжат алу мүмкін емес деді" - деп атап өтті Өскемен қ. тұрғыны Әсем Нұртаева.  

Және де бұл жағдай бірегей емес, көптеген қазақстандық жанұялар өз баспаналарының қайта жоспарлауына құжат рәсімдеу мәселесіне келгенде тығырыққа тіреледі. Пәтердің немесе үйдің техникалық паспортынсыз жылжымайтын мүлікпен келісім-шарттар жасау мүмкін емес, кей жағдайда құжатсыз қайта жоспарлауға айыппұлдық санкциялар тағылуы мүмкін.

Қазіргі таңда қайта жоспарлауға құжаттар алу үшін жақын маңдағы мемлекеттік органға келіп, бірнеше анықтама мен қайта жоспарлаудың үлгісін өткізу жеткілікті. Он күн көлемінде құжаттар сәйкесінше мақұлдаулардан өтіп, дайын болған техникалық паспортты қызмет алушыға тапсырады. Рәсім стандартталып, мемлекеттік қызметтер реестріне енгізілді. Жағдайдың өзгергенін Әсем Нұртаева өз басында сезінді: "Мен анықтамаларды, үлгіні өткіздім және 10 күн көлемінде қайта жоспарлауға құжаттарымды алдым. Барлығы жылдам әрі мәселесіз. Мемлекет тарапынан азаматтарға арналған құжаттарды оңтайландыру бойынша атқарылған істерді жеке басымда тексеріп көрдім. Бұл өте тамаша".

2017 жылдың желтоқсан айында Әдістеме ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының, орталық және жергілікті меморгандардың қатысуымен өткен Республикалық конференцияда таныстырылып, жоғарғы бағаға ие болған. Қазіргі таңда Әдістеме Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тәжірибелік жұмысына енгізу үшін ҚР Үкіметіне бағытталған.

 

Поделиться страницей: