Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

18 қаңтар 2018 ж.

Ата-аналар тобы: баламен табыстырар жол

"Сәлеметсіздерме. Менің есімім - Саугымбаева Армангүл Қайырбекқызы. Жасым 43те. Екі балам бар. Қыз және ұл. Қызым 20 жаста, университетте студент. Ұлымның жасы 12де, ол #83 Гимназияда білім алады. Қызыммен жолым болды. Өте жастайымнан өмірге әкелгендіктен бе, қызым керісінше менің тәрбиеммен айналысты деуге болады. Ол кезде жаман ана болдым деп айта алмаймын, тек өзім де жас болдым. Алайда әңгіме ол турасында емес, менің кіші балам туралы. Ұлым жасөспірімдік кезеңге аяқ басты. Өз қиындықтары бар. Ол жаңа технологиялардың баласы. Гаджеттер оларға күнделікті өмірде барлық нәрсенің орнын алмастырады. Әрине, үй тапсырмасы орындалған соң ғана ойнауға болатыны жөнінде келісім жасалды..., дәл осы тұста "қызықтар" басталды - ол бәрін асығыс-үсігіс және көз жасымен жасайтын болды. Тренингке бармас бұрын оны көндіруге, ұрсуға немесе мәмілеге келуге тырысатынмын. Ал ата-аналар тобы - бұл бір ғажайып. Бұл жасөспірімдік кезеңді қалай өткізу керек, қажет болса тіпті кішкене алдауға қатысты мәселенің тек менің басымда ғана еместігін көрдім. Тәжірибемен бөлістік, іс жүзіне енгіздім. Мен бірдеңемен бөліссем, енді бір тәжірибені басқалардан алдым. Алда емтихандар күтіп тұрды. Менің ендігі міндетім емтиханда баламның бар қабілетін ашу болды. Қиын болды. Ол біраз қырсықтау және отбасымыздың еркесі. Әрқашан алдына қойған мақсатына қол жеткізетін әпкесін үлгі еттім. Бірақ мұны жұмсақ формада, асыра сілтемеу үшін, ақырын ғана жеткізіп отырдым. Әлбетте өте көп әңгімелестік, және барлығы да рет-ретімен болып отырды. Ата-аналар тобы маған балаларға қатысты сабырлылыққа үйретті. Мүлт кеткен жерлерім де бар. Ұлым әлі бала, кейбір қателіктерді түзетуге уақыт бар, бастысы ұрыспай, сынамай әрекет ету. Ұлым емтихандарын тапсырды, орыс тілінен "4", математиканы "5" деген бағаға тапсырып шықты. Біз үшін бұл үлкен жеңіс. Балалар стресстік жағдайларды қиын өткереді. Бұл өте құнды тәжірибе болды. "Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер". Мен үшін де солай. Емтихан сияқты стресстік кезеңді еңсеруге көмектескендеріңіз үшін рахмет, дәл осы кезеңде балалар суицидінің саны ұлғаятыны белгілі емес пе. Менің оқиғам осы".

TEENS жобасы Қазақстанда мектептер базасында тегін консультациялық көмек көрсететін мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасын апробациядан өткізуде. Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге "ата-аналар тобы" әдістемесі бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады. Аталған әдістеме ДССҰ бойынша жасөспірімдер арасындағы суицидтің бастапқы ошағы болып табылатын отбасылардағы үйлесімді қарым-қатынастарды реттеуге септігін тигізеді.

Апробациялау және жетілдіру кезеңдерінен соң бағдарлама бекіту және әрі қарай пайдалану үшін Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

Поделиться страницей: