Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Табыс тарихы

другие Табыс тарихы

1 желтоқсан 2022 ж.

Боранқұл ауылында балалар және спорт алаңдары ашылды!

Шалғайдағы ауыл аймақ заман талабына сай құрал жабдықпен қамтамасыздандырылуда.
1 желтоқсан 2022 ж.

Ақкиізтоғай ауылы "Жарық көше" жобасы

Qoǵamdyq keńistikter жобасы аясында ауылдың көшелері жарықтандырылды.
21 маусым 2022 ж.

Қазақстандағы медицина сапасын жақсарту үшін

Бүгінгі таңда Қазақстан медицинасы тап болатын сын-қатерлерге көрсетілетін

19 қаңтар 2021 ж.

«Ас – адамның арқауы» мектеп асханасының жобасы

"1994 жылы пайдалануға берілген №17 Майкөмген ауылдық орта мектебі  құрылысы барысында асхана орны жоспарда қарастырылмаған. 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес мектеп   оқушыларын   тамақтандыруға    асхана  қажеттілігі  туындап, бір оқу кабинеті  асхана  ретінде  жабдықталды. Суық күндері кабинет қабырғалары   көгеріп,  терлейтін.  Уақыт өте келе асхана жабдықтары ескіріп, оларды заман талабына сай жаңарту қажеттілігі де туындады. Сонымен қатар,  асхана ішінде таза ауыз судың жоқтығы тағы бар. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы - көпшілік көкейінде жүрген өзекті мәселе еді.

Биыл аулымызға келген «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы – осы аталған мәселені өз күшімізбен  шешуге мүмкіндік берді. Онлайн консултациялар, оқыту семинар-тренингтерінен кейін мектеп ұжымы мен ата – аналардан құралған ынталы топ  -  «Ас – адамның   арқауы» атты мектеп асханасы жобасын жазып шықты. Мақсатымыз мектеп асханасын қайта жаңғырту және  таза   ауыз   су  фильтрімен   қамтамасыз  ету. Шағын-жоба - 2 103 000 теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Ынталы  топ  мүшелері   карантиндік   шектеулерге   қарамастан  қыркүйек  айында  жоба жұмысын  бастап  кетті. Асхана жұмысына қажетті құрылыс материалдары мен құрал жабдықтары толық грант қаражатына алынып, барлық жасалатын жұмыстары түгелдей  қауымдастық мүшелерінің қолымен жасалды. Үнемделген қаражат есебінен ғимарат сыртынан қосымша жылыту материалдарымен қаптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда асханамыз жарқырап,  түбегейлі  өзгеріске   ұшырады.

Жаңарған асханамыз мектеп ұжымы мен білім алушыларына үлкен қуаныш сыйлады. Біздер – жоба қатысушылары екі есе бақыттымыз, өйткені жобаны өз күшімізбен жасай алдық! Осы игі бастаманы іске асыруға мүмкіндік берген – «Қоғамдық кеңістіктер» бағдарламасына алғысымыз шексіз!"


 

 Андамасова  Динара – жоба  жетекшісі,

№17 Майкөмген ауылдық орта мектеп директоры.

Поделиться страницей: